12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атқару құжатын орындау – міндет

Азаматтық процестік кодекске сәйкес соттың әрбiр шешiмi бойынша бiр атқару құжаты берiледi. Атқару құжаты өндіріп алушыға, яғни, талап қоюшыға беріледі немесе оның арызы сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындау үшін жіберіледі.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның талаптарына сай мәжбүрлеп орындатуға сот актiлерi негiзiнде ұсынылатын сот бұйрықтары мен атқарушылық парақтар − үш жыл iшiнде беріледі. Демек, сот шешімі ерікті түрде жауапкер тарапынан орындалмаса, талап қоюшы 3 жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға арыздануы керек. Тәжірибемізде 2007 жылғы сот шешімі тиісті мерзім ішінде мәжбүрлеп орындауға жолданбай, мерзімді өткізіп алғаннан кейін сотқа атқару құжаты уақы­тында соттың тарапынан берілмеді, сон­дықтан орындалмады деген желеумен арызданып, орындауға беру мерзiмін қалпына келтіруді сұраған жағдай да орын алған.
Алайда, аталған іс бойынша іс материалдары толығымен тексеріліп, атқару құжатын талап қоюшының сенімхат бо­йынша өкілі тиісті мерзім ішінде қол қо­йып алғаны анықталды. Бұл жағдайда талап қоюшының өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiші қанағаттандырусыз қалдырылды. Бұл талап қоюшының заң талапта­рын ескермей, жауапсыздықпен созбалаңдыққа салуынан өз пайдасына шешілген шешімнің орындалмауына әкеп соқ­тырды.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға сай, атқарушылық құжатты орындау­ға беруге арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе оның орындалатын орны бойынша сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
Атқарушылық парағының, сот бұйрығының орындауға берiлген мерзiмін өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Кейде атқару парағын жоғалтып алатын жағдайлар кездеседі. Бұл мәселе де заң шеңберінде реттелген. Азаматтық процестік кодекстің талаптарына сәйкес, атқару парағының немесе сот бұйрығының төлнұсқасы жоғалған жағдайда шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот өндіріп алушының арызы немесе сот орындаушысының ұсынымы, әділет органының өтінішхаты бойынша атқару құжаттарының телнұсқаларын бере алады.
Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатын орындауға ұсыну үшін белгіленген мерзім өткенге дейін сотқа берілуі мүмкін. Егер атқару құжаты орындау барысында жоғалған болса және бұл туралы өндіріп алушыға оны орындауға беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін белгілі болса, атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатының жоғалғаны туралы өндіріп алушыға белгілі болған күннен бастап бір ай ішінде сотқа берілуі мүмкін.
Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызды қарау кезінде сот атқару құжатының жоғалғаны туралы дәлелдемелерді тексереді және зерттейді. Яғни, атқару құжатын жоғалтып алуды сот дәлелді деп танығанда ғана атқарушылық құжаттың телнұсқасы беріледі.
Қорыта айтқанда, заңды күшіне енген сот актілері, сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті. Сондай-ақ, соттың заңды күшіне енген шешімін орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатыны жоғарыда көрсетілген заңдармен реттелген.

Бауыржан Боранбаев,
Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының
кеңсе меңгерушісі

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...