Қасым-Жомарт Тоқаев: Шахматты насихаттауға үлес қосқым келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы балалар фестивалінде балалар арасында шахматты дамыту туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің теле-радиокешеніне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бір кездері атақты шахматшы Анатолий Карповпен жиі сөйлесіп, көп нәрсені талқылағанын еске алды.

«Мен балалар арасында шахматты насихаттауға және дамытуға үлес қосқым келеді. Бізге арнайы құрал-жабдық қажет емес. Бізге ұйымдастыру мен қаржылық ресурстарды тарту керек. Бұл біздің қолымыздан келеді. Ойынға қызығатын балалардың көп екенін байқадым. Шахматпен айналысатын балалар зиянды әдеттерден алыс болады», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол шахматшылар қоғамның салауатты бөлігі екенін айтып, шахматты бірге дамытуға шақырды.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...