Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауға қандай ұйым атынан қатыстанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауына қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясы атынан қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдағы сайлауға қандай ұйымнан қатысатыныма қоғам қызығушылық білдіріп отырғанын білемін. Ашығын айтайын, маған әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан олардың атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Әсіресе, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастама көтеріп жатқанына қуандым. Осының барлығы азаматтардың кейінгі үш жарым жылда жүзеге асырылып келген реформалар мен өзгерістерге қолдаудың айтарлықтай артқанын көрсетеді», — деді Мемлекет басшысы.

Президент жасаған ұсынысы мен сенімі үшін, стратегиялық бағытына белсенді қолдау көрсеткені үшін бәріне алғыс айтты.

«Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ, бұл Мемлекет басшысының түрлі партиялардан, бірлестіктерден тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді. Сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды. Мен Мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік беремін», — деді Президент.

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...