Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Тоқаев Польша тарапының бастамасы бойынша Президент Анджей Дудамен телефон арқылы әңгімелесті.

Президенттер биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілетінін айтты. Тарихи өлшем бойынша осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Польша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Сондай-ақ тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ықпалдастықты дамытудың перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу соңында президенттер өзара мүддені көздейтін кең ауқымды бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...