Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметке кіру үшін артық кедергілер мен тосқауылдарды алып тастау және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты ұсыныстар берді. Сонымен қатар, Президентке мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жұмыстары жөнінде айтты.

Агенттік төрағасы Президентке 2022-2023 жылдары «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту туралы жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, биыл сыртқы порталды құру арқылы «Е-қызмет» базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толық цифрландырылады. Ал 2023 жылы басқа да кадрлық үдерістер, атап айтқанда, ротация, тағылымдама, біліктілікті арттыру және басқа да қызметтер автоматтандырылады. Сонымен қатар, Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру барысына да тоқталды.

Ведомство басшысы агенттіктің 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеуді прокторинг технологиясын қолдану арқылы онлайн түрде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағынышты ұйымдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасы бойынша «Мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару орталығының» АҚ штаттық бірліктері мен бюджетін сақтай отырып, Мемлекеттік басқару академиясының құрамында HR-институтын құру туралы айтты.

Кездесу барысында Президент мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру, меритократия қағидатын ілгерілету және адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөнінде тапсырмалар берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.