Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатына қатысты заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Еске салайық, 5 сәуірде ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан түсетін трансферт неге ұлғайғанын түсіндірген болатын. Үкіметтің Ұлттық қордан аударылатын трансфертті бірден 1,6 триллион теңгеге арттыруды жоспарланған еді. 

«Біз Мемлекет басшысының қаңтар айының басында берген тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ түрлі бағдарламалық құжаттарға ақша аламыз. Ұлттық қор басқалармен қатар контрциклдік бюджетті жүргізудің құралы.

Ұлттық қордың бірнеше функциялары бар: жинақ, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы. Бұл процесс қалыпты. Бұл контрциклді бюджет саясатының бір бөлігі», — деді Қуантыров.

Оның айтуынша, мұнай бағасының қымбаттауы мен доллар бағамының жоғары болуына байланысты Ұлттық қорға қосымша кіріс түседі деп күтіліп отыр.

«Қазір Ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар», — деді министр. 

ОПМ «Правопорядок»

Согласно статьям 44, 63-64 УК РК лица, находящиеся на...

В поддержку детей с инвалидностью 

В СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НАЧИНАЕТСЯ АПРОБАЦИЯ ОБНОВЛЕННОЙ МОДЕЛИ СОПРОВОЖДЕНИЯ ДЕТЕЙ...

От видеоконтроля до прогнозного ИИ 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРОВЕРИЛ, КАК ВЫПОЛНЯЮТСЯ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ПО ЦИФРОВОЙ...

ОДИН ДЕНЬ ПОЛИЦЕЙСКОГО: 10 ЛЕТ СЛУЖБЫ, ПОСВЯЩЁННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ

Каждый рабочий день инспектора службы батальона патрульной полиции Департамента...

ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ: 10 ЖЫЛ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Патрульдік полиция батальонының қызмет...