Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді

Ақорда резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Әділет министрі Қанат Мусин және жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек екенін айтты.

Жұмыс тобы қажетті түзетулерді әзірледі. Бұл іске белгілі заңгер ғалымдар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент және мемлекеттік органдардың өкілдері атсалысты. Конституциялық Сотта, Конституциялық Кеңесте жұмыс істеген ғалымдарымыз бар. Ата заңымыздың жаңа нормаларын әзірлегенде олардың мол тәжірибесі септігін тигізгені анық. Әсіресе, Конституциялық Сотты құру және оның жұмыс тәртібін реттеу мәселесі туралы ой-тұжырымдар пайдалы болды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дайындалған жобаға қоғамды саяси тұрғыдан трансформациялау жөнінде берілген барлық ұсынысты ескерудің мәні зор екеніне тоқталды.

Шын мәнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты әрі толық түсінік болу үшін осы модель мен үдерісті Екінші республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулердің маңызы зор екенін айтты.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі едәуір күшейеді. Бұл шенеуніктердің өздері қабылдайтын актілердің сапасына деген жауапкершілікті арттырады деп санаймын. Конституциялық деңгейде Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз уәкілдің құзыреттері мен кепілдіктері бекітіледі. Жалпы, әзірленген өзгертулер мен толықтырулар топтамасына Жолдауда айтылған саяси бастамалар мен Конституцияға енгізілуі қажет түзетулерді іске асыруға тиісті нормалар ғана енгізілгенін атап өткен жөн. Басқа да өзекті өзгертулер конституциялық және басқа да заңдар аясында бекітіледі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың сылбыр жұмыс істеуіне жол берілмейтінін тағы да еске салып, соңғы үш жылда еліміздегі және әлемдегі жағдайдың түбегейлі өзгергенін айтты.

Мемлекеттік аппарат кез келген өзекті мәселеге жедел, дер кезінде назар аударуы керек. Сондықтан Жұмыс тобы ұсынған түзетулер Үкіметке ерекше актілерді қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл дағдарыс кезінде жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді. Осы орайда, Парламенттің қарқынды жұмыс істегені өте маңызды. Депутаттар қос палатаның бірлескен отырысында заң жобаларын шұғыл қарауы керек. Жалпы, мен Жұмыс тобы дайындаған барлық өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын Жерге иелік ету мәселесін шешу қажеттігіне арнайы тоқталды.

Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөзінің соңында аз уақытта өте көп іс бітіргені үшін Жұмыс тобының мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Мен бүгін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынамын. Бұл – Ата заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.