Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Сенатының төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Францияға жасаған ресми сапары аясында Франция Республикасының Сенатына барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Сенат ғимаратының ауласында Жерар Ларше өзі қарсы алды. Содан кейін Мемлекет басшысы мен Сенат спикері сап түзеп тұрған Құрмет қарауылының алдымен жүріп өтті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Парижге жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Эмманюэль Макронмен жүргізілген келіссөз Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестіктің стратегиялық сипатын растады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, энергетика және көлік-логистика салаларына инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Президент екі мемлекет арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат спикерін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Жерар Ларше елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Ол Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін өзара белсенді іс-әрекет жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Президент Франция Сенатының Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...