Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Президентке республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы мәлімет берілді. Былтыр жалпы 32 триллион теңгеден аса бюджет қаражаты бойынша 155 нысанға 21 аудиторлық тексеру жүргізілген. Анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, материалдары құқық қорғау органдарына жолданған.

Наталья Годунова Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында квазимемлекеттік секторға жүргізілген аудиттің аяқталғанын, арнаулы экономикалық аймақтардың қызметіне, жер ресурстарын басқару жүйесіне, Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындыққа және пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бағалау жүргізілгенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент жаңа экономикалық саясатты іске асыру және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту аясындағы Есеп комитетінің қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...