Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Дәйексөз ұлттық жүйесін құру керегін атап өтті, оның пікірінше, бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін күшейтуді талап етеді, деді ол.

«Елдегі ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту үшін салалық министрлікті екі ведомствоға бөлу керек деп есептеймін, олардың бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысады», — деді Тоқаев Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиындағы сөзінде.

Тоқаевтың айтуынша, ол көрсеткен барлық шешім Қазақстандағы ғылымды жан-жақты дамытуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуына бағытталған.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...