Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Қытай Халық Республикасымен арадағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті  одан әрі нығайту мәселесіне назар аударды.

Жоғары деңгейдегі келісімдерді, соның ішінде Мемлекет басшысының биылғы ақпан айында Пекинге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру қажет екеніне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, экономиканың маңызды секторларындағы серпінді инвестициялық жобаларды дамытудың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Халықаралық және өңірлік деңгейдегі, соның ішінде ШЫҰ, АӨСШК алаңдарындағы байланыстарды нығайту мәселелері де жаңадан тағайындалған Елшінің жұмысындағы маңызды бағыттардың қатарына қосылды.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.