Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

«Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мамырдың осы мамыражай мерекесі — еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.

Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.

Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.       

Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Аспанымыз әрдайым ашық болсын!», — делінген құттықтауда. 

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.