Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына ақша аударуға «асықпайтын» кәсіпкерлерге ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық жасамаған олигополия өкілдеріне үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударған кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, олар қайырымдылық көмекке мұқтаж қазақстандықтарға азаматтық жауапкершілік танытқанын атап өтті.

«Сонымен қатар, кейбір танымал бизнес өкілдері Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайды. Бұл сараңдық па, нигилизм бе әлде немқұрайлылық па? Қалай болғанда да, бұл сұраққа толық жауап алу үшін мемлекеттің толық өкілеттігі бар», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерінің қайырымдылық жасау процесін реттейтін арнайы жарлық шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...