Астаналықтар қаржы пирамидасына 3,5 миллиард теңге салып жіберген

Астаналық полицейлер қаржы пирамидасына байланысты 10 қылмыстық іс қозғады. Жалпы зардап көлемі 3,5 миллиард теңге болған, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, елорда тұрғындарының көбі Otbasy men jastardy qoldau qory қорынан зардап шеккен. Әлеуметтік жоба ретінде жұмыс істеген пирамида салымшыларға баспана алуға көмектесетіндерін айтқан. Жалпы 100-ден аса адамнан 1,6 миллиард теңге өндіріп алған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, көбіне пирамидаға әлеуметтік осал топтағы адамдар алданып қалады. 

«Қаржы пирамидасымен күрес мәселесінде халықтың қаржы сауаттылығына ерекше назар аударылады. Күніне 50-60 арыз түсіп жатады. Күніне ондаған қылмыстық іс қозғалады. Адамдар миллиондаған несие алып, сенімділігіне көз жеткізбей жатып өзгеге беріп жібереді», — дейді Нұр-Сұлтанның криминалдық полиция басқармасы бөлімінің басшысы Талғат Бүлегенов. 

Жыл басынан бері бұл қылмыс түрінен 47 миллион теңге қайтарылған. Мамандар бұл мәселені шешу үшін тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру керегін айтады. 

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...