Астаналық колониядағы сотталғандарды құжаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстар

Сотталғандармен әлеуметтік жұмыстың басым бағыттарының бірі жеке басын куәландыратын құжат айналымын қалпына келтіру болып табылады.
РММ «№2 мекеменің» арнайы есеп бөлімімен Аршалы аудандық көші-қон полициясының қызыметкерімен бірлесе отырып, ҚР ІІМ 04.06.2005жылғы №338 бұйрығына сәйкес «Ішкі істер органдарының ҚР халқын құжаттандыру және есепке алу қағидаларын қолдануы туралы нұсқаулықтар» негізінде сотталғандарға қатысты жеке куәліктерінің қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда үнемі жаңадан ауыстырылып отырады.

Бүгін 2022 жылдың 19 қазанында жоғарыда аталған бұйрықтың талаптарын орындау мақсатында 18 сотталғанға жаңа жеке куәлік берілді.

2022 жылдың өткен кезеңінде барлығы 36 жеке куәлік беріліп, сонымен қатар түзеу мекемесінен, соттар мен тергеу органдарынан 10 сотталғанның жеке куәліктері қайтарылып, сотталғандардың жеке ісіне енгізілді.

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі сотталғандарды құжаттандыру маңызды рөл атқарады, себебі жеке басын куәландыратын құжаттары бар сотталғандарға жұмысқа орналасуға, түрлі жеңілдіктерге жүгінуге, неке туралы куәлік алуға, сонымен қатар зейнетақы алуға мүмкіндік беріледі, дейді әділет майоры Беков Нұрлан.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...