Астанадан шығатын қоғамдық және дизель көліктеріне уақытша тыйым салынды

Қатты аязға байланысты Астанадан шауғын аудандарға шығатын қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 қаңтар күні сағат 20:00-ден бастап ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты барлық бағытта дизель және қоғамдық көліктердің қала сыртына шығуына уақытша тыйым салынды.

Температураның күрт төмендеуіне байланысты дизельмен жүретін көліктер мен қоғамдық транспорттың Астанадан шығуына шектеу енгізілді, – деп хабарлады департаменттің ресми Instagram парақшасы.

Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, қатты аяз кезінде сыртқа мүмкіндігінше шықпау, алыс сапардан бас тарту қажет. Ал үйден шығу қажет болған жағдайда үсік шалмас үшін жылы киініп, қолғап пен бас киімді міндетті түрде кию ұсынылады.

Сонымен қатар, City Transportation Systems компаниясы қала маңына қатынайтын бірқатар бағыттардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта №305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328 және 329 бағыттардағы автобустар жүрмейді.

Жауапты қызметтер ауа райы жақсарғанға дейін тұрғындарды жолға шықпауға және ресми ақпарат көздерін бақылап отыруға үндеді.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.