Астанада LRT қашан іске қосылады?

Астанада LRT қашан іске қосылады және жол жүру құны қанша болады? Бұл сауалдарға елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғындармен кездескен Жеңіс Қасымбектен «әкімдік LRT-ны тест режимінде іске қосу мерзімін кейінге қалдырмады ма?» деп сұралды.

«Ештеңе өзгерген жоқ, қыркүйекте сынақ режимінде алғашқы құрамды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сынақ қорытындысы бойынша нақты қашан іске қосылатыны анық болады. Бірақ әдетте тест режимдері үш айдан алты айға дейін созылады», — деп жауап берді елорда әкімі.

Бұл LRT 2026 жылдың басында іске қосылатынын білдіре ме? Әкім бұл сауалға былай жауап берді:

«Біз үнемі осы мерзімді айттық».

Оның айтуынша, жол жүру құны бір сапарға 200 теңге болуы мүмкін. Бірақ нақты тарифі кейінірек айтылады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.