Астанада биыл 55 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Қаланың дамуына жеке инвестиция тарту жұмысы жүріп жатыр. Олар – әлеуметтік нысандармен қатар өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика және т.б. Биыл инвестициялық жобалардың саны 55-ке жетті, жалпы инвестиция көлемі – 300 млрд теңге. Бұл жобалар 3,6 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық штабтың кезекті отырысында инвесторлардың бірқатар ұсынысын қарадық. Мәселен, олар – акватермальды кешен, көтерме-логистикалық орталық, ЖЭО-ның күлін қайта өңдейтін қондырғы салу. Аталған жобалардың инвестициялық көлемі – 31,5 млрд теңге. Нәтижесінде 400-ден астам жұмыс орны ашылады.

Сол сияқты көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасын қарадық, модульдік құрылымдар, қан алуға арналған вакуумдық жүйелер (вакутейнерлер), мыс кабель, шыныпластиктен жасалған жең және полимер-композиттік жабындар өндіретін зауыттар ашу мүмкіндігін талқыладық.

Өңірлік инвестициялық штабтың отырысын тұрақты түрде өткізіп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...