Астанада Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай еске алу іс-шарасы өтті

Елордада Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Еске алу іс-шарасына «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, жастар ұйымдарының өкілдері, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері мен елорданың белсенді жастары қатысты.

Жиын барысында қатысушылар батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, оның ерлігі ел тарихы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.

«Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушісі Олжас Самарханның айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Жастар үшін Бауыржан Момышұлы сынды тұлғаларды есте сақтау аса маңызды. Оның өмір жолы – Отанға адал қызмет етудің, жауапкершілік пен қайсарлықтың нақты үлгісі. Батырдың ерлігі мен ұстанымдары немқұрайдылық танытпауға, шешім қабылдай білуге және өз құндылықтарын қорғауға үйретеді. Осындай тұлғаларға тағзым ету арқылы біз тарихымызға деген құрметті қалыптастырып, ел болашағындағы орнымызды сезінеміз», – деді ол.

Айта кетейік, көрнекті тарихи тұлғаларға арналған еске алу іс-шаралары патриоттық құндылықтарды нығайтуға және тарихи жадыны жас ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...