Астана қаласы Нұра ауданының пробация қызметінің инспекторлары елордалық тергеу изоляторына экскурсия өткізді

2024 жылғы 22 маусымда Астана қаласы Нұра ауданының пробация қызметінің қызметкерлері Нұра ауданының прокуратурасымен бірлесіп, пробация қызметінің тәуекел тобындағы сотталғандар үшін елордалық деп аталатын ҚР ІІМ ҚАЖК РММ № 64 мекемесіне экскурсия ұйымдастырды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандардың қайталама қылмыстар жасауына жол бермеу, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қалыптастыру болып табылады.

Іс-шара барысында есепте тұрған сотталғандарға тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандарды ұстау шарттары, тергеу әрекеттері мен сот процестерін «онлайн» режимінде жүргізуге арналған үй-жайлар, карантин бөлімшесі және жаңадан келген адамдарды қабылдау рәсімі көрсетілді.

Жоғарыда аталған іс-шараның арқасында Нұра ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар бостандықтың құндылығын түсінді және бағалады. Тергеу изоляторының атмосферасы есепте тұрған сотталғандарға ұзақ әсер қалдырды, оларға заңға бағынбаған адамдардың өмірінің екінші жағын көрсетті.

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...