Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі 

Үкімет жаңа Конституция негізінде аумақтық басқару жүйесін реформалауға кірісті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жаңа Конституция барлық меншік нысандарының тең қорғалуын бекітетінін атап өткен жөн. Бұл инвесторлар, кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес үшін ерекше маңызды. Жаңа Конституцияның нормаларын іске асыру аясында Ұлттық экономика министрлігі «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңдардың жобаларын әзірледі, — дейді Жұманғарин. 

Осы орайда Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауына сәйкес әзірленген «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы аталған бағыттарды қамтиды.

Конституциялық заң жобасы:

— жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен өкілеттіктерін айқындауды;
— озық халықаралық және шетелдік стандарттарды, техникалық регламенттерді және технологиялық нормаларды қолдануды;
— цифрлық активтердің айналымын реттеуді;
— шағын биіктіктегі экономика саласын және электронды ұшқыш аппараттарды дамытуды;
— инвестицияларды қорғауға және олардың тұрақтылығына кепілдік беруді;
— салық салудың және бюджеттік қатынастардың ерекше режимін қолдануды көздейді.

Қазіргі уақытта Конституциялық заң жобасы Парламенттің қарауында. 20 наурызда заң жобасы бойынша Парламент Палаталарының бірлескен отырысының 1-ші оқылымын, ал 27 наурызда 2-ші оқылымын өткізу жоспарлануда. Заң жобасы наурыз айының сонына дейін Мемлекет басшысына қарауына енгізілетін болады, — деп түсіндірді вице-премьер. 

Вице-премьердің айтуынша, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасы елдегі әкімшілік-аумақтық жүйені жетілдіру үшін әзірленді. Құжат жекелеген нормаларды нақтылап, заңды қолдану тәжірибесін жақсартуға бағытталған.

Конституциялық заңның жобасы облыс, аудан, қала, ауылдық елді мекендер санаттарын белгілеуді, оларды құру және қайта құру бойынша құзыретті органдардың өкілеттіктерін айқындауды қамтиды. Осылайша, заң жобасы мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен орнықтылығын көздейді. Сонымен қатар, Конституциялық заң деңгейінде астананың мәртебесі айқындалатын болады. Бұл елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, қалалық ортаның сапасын, қала тұрғындарының өмір сүруінің жайлылық деңгейін және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді, — дейді ол. 

Бұдан басқа Конституциялық заң жобасы елордадағы жергілікті басқарудың ерекшеліктерін, мәслихат пен әкімдіктің қала құрылысы, көші-қон, көлік, жер және тағы басқа мәселелерді көздейді.

Қазіргі уақытта әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы және астананың мәртебесі туралы конституциялық заң жобаларына реттеуші саясаттың консультативтік құжаттары мемлекеттік органдармен келісілді және «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында орналастырылды. Белгіленген рәсімдерге сәйкес заң жобалары Парламент Мәжілісінің қарауына а.ж. сәуір айының соңына дейін енгізілетін болады. Жаңа Конституция елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін тұрақты құқықтық негіз құрып, тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған, — дейді Серік Мақашұлы.

Мұнай 120 долларға қымбаттаса, Қазақстан қанша табады? – Ұлттық банк жауап берді 

Әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі Қазақстан экономикасына, әсіресе Ұлттық қорға түсетін түсімдерге тікелей әсер ететіні белгілі.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды.