Астана колонияларында есірткі құралдарының ену арналарын жабу жұмыстары жалғасуда

Жедел ақпаратты іске асыру барысында ағымдағы айда Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Допинг» жедел-алдын алу іс-шаралары шеңберінде азамат А. — ның тергеу изоляторына «марихуанаға»ұқсас затты әкелу әрекеті фактісін анықтады.

Сонымен, азамат А. тергеу-қамауға алынған адамға азық-түлік әкелді, оны тексеру барысында күрделі тәсілмен жасырылған орамжапырақ орамдарында қара-жасыл түсті, өсімдік тектес, ерекше иісі бар затпен фольгаға оралған 2 байлам бар екендігі анықталды.

Жүргізілген сот-химиялық сараптаманың нәтижелері бойынша аталған заттың салмағы – 5,56 гр «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылатыны анықталды.

Көрсетілген факті бойынша Астана қаласы полиция департаментінің Байқоңыр ауданының полиция басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

«Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жан-жақты қабылданған шараларының нәтижесінде елордалық Департамент мекемелеріне тыйым салынған заттардың енуінің кезекті арнасы жойылды. Басқа да ену арналарын орнату жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда», — деп атап өтті Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Дәулет Рахымбеков.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...