Астана күніне орай Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды

Астана күніне орай орташа қауіпсіздік мекемесінде жеке кәсіпкерлердің өндіріс орындарында еңбек ететін сотталғандардың қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде сотталғандардың өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдары ұсынылып, олардың кәсіби шеберлігі, еңбекқорлығы мен шығармашылық қабілеті көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар өз еңбектерінің сапасын, жауапкершілігін және дамуға деген ұмтылысын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар сотталғандардың еңбек дағдыларын жетілдіруге, оларды қоғамға қайта бейімдеуге, еңбекке деген құрметті қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да сотталғандардың шығармашылық және еңбек мүмкіндіктерін қолдауға, оларды босап шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімдеуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

Правовая поддержка и ресоциализация осужденных женщин

В Женской колонии УИС по области Абай в рамках...

ДУХ КОЧЕВНИКОВ — В СПОРТЕ

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай в...

Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...