12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АССАМБЛЕЯ АЗАМАТТЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТАДЫ

Мемлекет дамуының негізі – бірлік, жасампаздық, өрлеу. Осындай ұранмен жақында Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының 33-сессиясы өткен болатын. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін айтқан еді. Президенттің пікірінше, Ассамблея құрылған уақыттан бері азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңірді. Мұның нәтижесі еліміздің бірқатар өңірлерінде су тасқыны болған кезде айқын көрінді.

Табиғат апатының алғашқы күндерінен бастап Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді және үйлесімді жұмыс жүргізді. Мұның барлығы азаматтардың ынтымағы мен өзара көмегінің жанды көрінісі. Бұған дәлелді ассамблеяның жергілікті өкілдіктерінің жұмысынан айқын көруге болады. Мәселен, Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл өңірде 95 елді мекенді су басып, алты ауданда төтенше жағдай режимі енгізілді. Су тасқынының осындай қиын күндерінде адам шығынының алдын алуда ассамблеяның рөлі айрықша болды. Зардап шеккендерге көмек көрсетуде, әсіресе ұйым еріктілері айрықша белсенділік танытты. Жалпы, Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы құрамында 109 адам бар. Олар этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, қандастар, қоғамдық пікір көшбасшылары. Облыста 49 этномәдени бірлестік тіркелген. Ақмола облысы этностарының өкілдері облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму процесіне белсенді қатысады. Ассамблея жұмысы Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ, Степногорск қаласындағы Достық және шығармашылық үйі, Зеренді және Целиноград аудандарындағы Достық орталықтарында кеңінен жүруде. Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы жұмысының басым бағыттарының бірі еліміздегі қоғамдық келісім шараларын ғылыми тұрғыда сүйемелдеу. Осы мақсатта арнайы құрылған ғылыми-сараптамалық топқа 18 адам кіреді.Олар саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, психологтар, лингвистер, заңгерлер, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлер.Топтың төрағасы Марат Өтегеновтің айтуынша, бұл ғылыми-сараптамалық топ еліміздегі тұрақтылыққа, ұлттық бірегейлену үрдісіне белсенді түрде ат салысуда. Олар халықаралық конференцияларда, республикалық форумдарда, халықпен кездесулерде ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі ережелерін ұсынып, түсіндіреді. Мәселен, осы мақсатта Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» бағдарламасы аясында Степногорск қаласында, бірнеше ауылдық елді мекендерде кездесулер өткізілді. Халықпен, этномәдени бірлестіктермен, жастар ұйымдарының жетекшілерімен сындарлы диологтар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясында ақсақалдар, аналар, медиация кеңестері де белсенді жұмыс атқаруда. Бұл құрылымдардың әсіресе, отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлесі зор. Осы орайда Аналар кеңесінің жұмысына айрықша тоқталған жөн. Бұл ұйым облыста үлкен күш. Бұған дәлел, бүгінде аймақта 104 аналар кеңесі жұмыс істейді, оның ішінде біреуі облыстық, үшеуі қалалық, он бесі аудандық, сексен бесі ауылдық. Аналар кеңесі қызметінің негізгі бағыттары: ұлттық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау және дамыту, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлу, қоғамдағы әйел мен баланың мәртебесін отбасылық институт құндылықтарын арттыру. Былтыр кеңес 3 850 адамды қамтитын 82 іс-шара өткізіпті. Отбасы институтын нығайтуға байланысты ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Мәдениетті ана мәдениетті ұлт» жобасын ұсынған болатын. Бұл құжат «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы», «Бақытты ана – бақытты отбасы», «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы», «Жақсылыққа жетелейтін жандар» деген төрт бағыттан тұрады. Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахинаның айтуынша, биылғы жұмыстар осы жоба шеңберінде өткізілуде. Мәселен, «Жақсылыққа жетелейтін жандар бағыты аясында Аналар кеңесінің мүшелері, Көкшетау қаласы аналар кеңесі, «Асыл аналар», «Зерделі ұрпақ», «Сенімен болашақ» ұйымдары мен қолданбалы өнер шеберлері одағы төрайымдарының қатысуымен «Ана үйінде» кішкентай Айкүміс бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі жасалды. Аталған қоғамдық бірлестіктер тарапынан жыл бойы қайырымдылық шаралары жасалады. Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінде ата-аналарға арналған «Әкелер мен аналар» семинары өтті. Аналар және әкелер кеңестері, қыздар клубтары және қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысқан семинар аясында отбасы құндылықтарын, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау туралы нақты кеңестер айтылды. Мектептерде аналар, әкелер кеңесін ашу, қыздар және ұлдар клубтарын ашу туралы ұсыныстар берілді. «Отбасы құңдылықтары» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж студенттерімен дөңгелек үстел өтті. Студенттермен кездесуде жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты түрлі тақырыптар талқыланды. Қазақ қызының бойына ұлттық болмыс пен заманауи талаптарды үйлестіру, қос бұрымы иығынан төгілген, ақылы мен көркі жарасқан қазақ қыздарын көпшілік арасында насихаттау мақсатында Ж.Мусин атындағы «Кербез» мәдени-интеллектуалды қыздар мектебінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өткізілді. Әл-Фараби атындағы IT лицейінің қабырғасында «Сырғалым» қыздар клубының қыздарымен Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабы бойынша әдеби-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Мұндай шаралар қатарында «Кыз еркем – анасымен көркем» байқауын айтуға болады. Өңірдегі көпке үлгі аналар тартылған бұл жарыста ана мәдениетіне қатысты тамаша дәстүрлер көрсетіліп, тәрбиелік мәні зор мағлұматтар берілді. Аналар кеңесі ұйымдастырған ауқымды шараның бірі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» атты форумы болды. Алқалы жиын «Рухани тәрбие – ел болашағы», «Салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу – ортақ міндет» деген тақырыппен екі бағытта өтті. Екі сессияда да ортаға салынған мәселелер қоғам үшін айырқша маңызға ие екені белгілі. Форумда осы мәселелер кәсіби мамандар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері тарапынан жан-жақты талқыланып, жиналғандарға ой салды, таным-түсініктерін кеңітті. Тоқетерін айқанда, Ассамблея аясында қолға алынған әрбір іс қоғамды осындай келелі мәселелер төңірегінде топтастырып, олардың жүйелі түрде шешілуіне оң ықпал етуде. Әр халықтың өзіндік дәстүрін сақтай отырып, ортақ істе өзара мәмілемен бірігуіне ықпал етіп келеді. «Ырыс алды – ынтымақ» дегендей осының бәрі мемлекеттің дамуын алға жылжытары хақ.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Бейнеконференц байланыс арқылы өткізілетін сот отырысының ерекшеліктері

Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану...

Халықаралық құқықтық көмек – азаматтардың құқығының кепілі

Қазіргі таңда мемлекеттер тек саясат пен экономикада ғана емес,...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...