12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР: РАҚЫМШЫЛЫҚТАН КІМДЕР ҮМІТТІ?

Таяуда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын жария етті. Онда «Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдаймын», – деп халықты көптен бері күпті еткен толғақты мәселенің түйінін тарқатты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға, сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталғандарға қолданылмайтынын жеткізді. Рақымшылықтың лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға қолданылмауын түсінуге болады. Президенттің бұл ұсынысы жақында заңдық күшке ие болмақ. Жалпы, рақымшылық сөзі грек тілінде – ұмыту, кешірім деген мағынаны білдіреді. Ол, негізінен, қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамдарға мемлекеттің тарапынан белгілі бір елеулі оқиғаларға байланысты қабылданатын арнайы шара дегенді білдіреді. 2 қараша күні Мемлекет басшысы қаһарлы қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Әлбетте ең алдымен бұл жерде қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босату үшін қылмыс санаттарын түсініп алу қажет. Себебі, ҚР Қылмыстық кодексінің 11-бабына сәйкес, қылмыстар сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп бөлiнедi. Осы тұрғыдан, қылмыс жасалғаны үшiн Қылмыстық кодекс бойынша көзделген бас бостандығынан айыру 2 (екi) жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер онша ауыр емес қылмыстар деп танылады. Ал бас бостандығынан айыру 5 (бес) жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар деп танылады. Сонымен қатар, кодексте бас бостандығынан айыру 12 (он екi) жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылса, 12 (он екi) жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады. Яғни, «Рақымшылық жасау туралы» заң бойынша онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Олар төмендегідей:

• 2022 жылдың 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты не олардың жолын кесу кезінде онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған тұлғалар;

• Залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған тұлғалар. Сонымен қатар, зардап шеккен мүліктің иесі материалдық шығынды сот арқылы азаматтық құқықтық тәртіпте өндіріп алуға құқығы бар екенін атаған жөн. Аталған заң бойынша жазасын өтегендердің соттылығы жойылады. Сондай-ақ, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандардың жаза мерзімі қысқартылады, атап айтқанда ауыр қылмысы үшін – сот белгілеген мерзімнің төрттен үш бөлігі болса, ал аса ауыр қылмысы үшін – оның тең жартысы көзделген. Алайда рақымшылық жасау туралы заңның күші:

• террористік қылмыс жасағандар;

• экстремистік қылмыс жасағандар;

• азаптау қылмысын жасағандар;

• кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған

адамдарға, мұндай қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда;

• мемлекетке опасыздық жасағандар;

• сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар;

• жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды жасаған адамдарға, мұндай қылмысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда;

• жаза қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде тағайындалған адамдарға қолданылмайды.

Тағы бір айта кететін жайт, Қылмыстық процесті жүргізетін құзырлы органдар, жазаны орындайтын мекемелер тарапы осы аталған заңның орындалуын қамтамасыз ету шаралары қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қабылдайды. Бұл «Рақымшылық жасау туралы» заңның өзге заңдардан ерекшелігі, жергілікті атқарушы органдар қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлғаларды олардың еңбекке жарамдылық қабілетін қоса алғанда жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге, оларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету шараларын қабылдауға міндетті. Қорыта келе, Рақымшылық жасау институты Мемлекет басшысының халық үніне құлақ асып, ағаттық жасағандарға кешірімділік танытып, жастардың болашағына немкетті қарамайтынын көрсетеді. Осының өзі билікті халыққа жақындататын қадамның бірі.

Бағдат АМАНДОСҰЛЫ

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,