12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ащыбұлақтағы жер дауы бітімгершілікке бастау алды

Бітімгершілік дегеніміз, даулы мәселені бітімгершілік келісімге келу жолымен шешу болып табылады. Қазақ билері ел мен ел  арасында әне-міне тұтанғалы, тіпті  ушыққалы тұрған жер және жесір дауын да бір ауыз сөзбен тоқтата білген. Десек , бүгінгі қоғамдағы  азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықтық қатынастың қатысушылары арасындағы тұрғын үйге, жер теліміне, моральдық өтемақыны өндіруге және тағы басқа   неше түрлі әлеуметтік мәселелерге, тіпті қылмыстық істерге  байланысты сан алуан даулардың бітімгершілік келісіммен бітіп жатқаны да жаңалық емес.

Ағымдағы жылы республикалық «Заң газеті» басылымына ( бүгінде Шымкентке тұрмысқа шыққан) А.Мавлет деген азаматшадан жер теліміне байланысты  талас-тартысқа  Іле аудандық соты « талап қоюшы  Мавлет Айнұр Ермекқызының жауапкер Құрбосын Айманышқа сатып алған жерді иеленудегі кедергіні жою туралы  талап арызы қанағаттандырылсын» деп шығарған  шешімі Алматы облыстық сотының апелляциялық сатысында  күшінде қалтырылып, (Жоғарғы Сотқа қарсы тарап касациялық негізде  арыздану уақытын өткізіп алған) яғни пайдасына шешілген даулы жерге кіре алмай отырғандықтан көмектесуімізді сұраған арыз түскен еді.

Арызданушының сенімді өкілі, адвокат Жәрдембек Қыдыралин және інісі Алмас  Құсайынов үшеуміз  Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі М. Түймебаев ауылы, Түймебаев шаруа қожалығы  жеріндегі  № 578 кадастр нөмірі: 03.046-130-1635 жер  теліміне бардық.

Шағын ғана тұрғын үй іспетті  ұзынша бөлмеден шыққан жас жігіт өзін Құрбосын Айманыштың баласы екенін айтып таныстырды және сөз арасында осы жер теліміне орналасқан құрылысты өзі салғанын айтты. Бірер минутта  «бұл менің үйім» деп күйінген жігіттің анасы Айманыш Құрбосын да келді. Үйге кіріп әңгімелестік.

14.11.2018 жылы  Е. Альшерова деген азаматша Іле ауданы әкімінің шешімімен  мемлекеттен тұрғын үй салу мақсатында   осы № 578 жер телімін алады.Сосын, жер телімі Күләйім Әзімбекова деген  екінші адамға өтеді. Осы аралықта кәсіби тұрғыда дәлелдеуді қажет ететін бір келеңсіздік, екінші тұлғадан үшінші адамға  келісім-шартпен, нақтылай түссек 22.12.2020 жылы Ахетов деген азамат Әзімбекованың атынан  өзінің жұбайы Сматаеваға сатады. Сматаева Абдрееваға сатады.Абдреева  Мавлетке сатады. Жақсы.

 Енді даулы жер теліміне  таласып, заңды, заңсыз баспанасына айналдырып, үлкен тұрғын үй салу құрылысын  бастап та  жіберген Құрбосын Айманыштың қандай қатысы бар деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Негізі осы жер телімінің екінші меншік иесі болып саналған  К. Әзімбекова оның  әпкесі болып табылады екен.  Өзара келісімдері болған да шығар, болжам жасамаймыз. Әйтеуір бүгінгі күні А. Мавлет  №.578,  кадастр нөмірі: 03.046-130-1635 жер  теліміне алған  мемлекеттік актісімен меншік иесі болып саналады.  Заңды иесі екендігі сотта дәлелденді. Бірақ заңнама талабына сай сот шешімін орындауға құзыретті болып саналатын  жеке сот орындаушысы сот шешімін орындай алмаған. «Полиция да, прокурор да селқостық танытып отыр» деп арызданушы редакцияға  шағым хат түсіргені тағы бар.

Сондықтан бүгінгі күні күшінде бар заңнама бойынша жер телімінің иесі А. Мавлет болып саналады. Бұл ретте адвокат Жәрдембек Қыдыралин тәжірибелілігін, алғырлығын, білімділігін көрсеткен.  

Ал адамгершілік ше? Өзінің төрт  баласына қайтыс болған інісінің екі баласын қоса бағып отырған ана Айманыш Құрбосынның төгілген көз жасын қасиетті Ораза айында көре отырып, селт етпеуге кімнің дәті шыдайды? Естір құлақ болса адамгершілік аясында заңнамаға сәйкестендіре отырып тақырыпқа сай бірқатар әңгіме айтуға да, жазуға да  біліміміз де әлеуетіміз де толық жететініне бек сенімдіміз. Дей отырып, тараптарға түп тамыры адамгершілікке тірелетін  құқықтық мәдениетті сақтауды  ескертіп ортақ мәмілеге келуге ой тастаған едік. Осы тұста құлағдар ете кететін бір жайт – анасының айтуымен құжатын тексермей  тұрғын үй құрылысын бастап жіберген баласы Ерен Дәуітті  Айманыш даулы сөзге араластырмай сыртқа шығарып жіберді. Ал күйеуі Дәуіт Дәулет келіп бізбен жылы амандасып, өз шаруасымен шығып кеткен-тін. 

Диктофонға жазылған дерекке дәйектеме келтіруді алдағы күндер еншісіне қалтыра отырып, Айманыш Құрбосынның « Сіздер мені Айнұр Мавлетпен жүзбе-жүз кездестіріңіздерші. Әйелмен әйел ретінде сөйлесіп көрейінші» деген өтінішіне  бұл күні тоқталдық. Екінші кездесуімізде ұсыныс бойынша арызданушылар арасында әңгіме өрбіп қасиетті Қадір түнінен кейін А. Мавлеттің сенімді өкілі Ж. Қыдыралин мен А. Құрбосын ортақ мәмілеге келу столына отырды.

Мәміле сөзі бастар алдында өзара келісе отырып, телефонның дауыс зорайтқышын қосқанда  Шымкенттегі Айнұр Мавлетпен Айманыш Құрбосын арасындағы диалог былай өрбіді:

Саламатсыз ба, Айнұр мен Айманышпын.

Айнұр Мавлет:  жер телімін қолма-қол ақшаға сатсам деп едім.Қанша болып тұр негізі

Айманыш Құрбосын:

Негізі сіздің меншігіңіздегі жер теліміне  қарама-қарсы орналасқан жер телімін 4 (төрт) милион теңгеге бағалап, ақшасын екі бөліп беруге де келісіп отыр. Бірақ мен сіздің меншігіңіздегі жер теліміне  жұмсаған қаражатым мен еткен еңбегімді зая кетірмеу үшін Сіз  сұраған 6.5  ( алты жарым) милион теңгені үшке бөліп берсем деп ойлағам. Алты баламды асырап отырғандықтан тұрмыстық жағдайым соған тіреп тұр.Үш жылдан бері соттасумен шапқылап бірталай шығындалып та қалдым. Қадір түнінде Құдайдан тілеген бір тілегім Айнұрға Алла рахым беріп ұсынысымды қабыл алса екен деп келдім.

Айнұр Мавлет: Апай егер бөліп-бөліп  беремін десеңіз  мен келісе алмаймын. Онда жетінші айдың соңына дейін 7.5 млн теңге болады.Келіссеңіз шілденің соңында Алматыға барып атыңызға аударып беремін.

А. Құрбосын: 7.5 млн теңгені мен бере алмаймын.    

 Сонымен тараптармен адвокат та біз де жеке-жеке сөйлесіп ортақ мәмілеге келудің адами және заңды жолдарын айтып түсіндірдік. Меншік иесі жер телімін 6.5 млн. теңгеге бағалап, бөлмей толығымен төлеу туралы талабынан таймады. А. Құрбосын осы қаражатты ағымдағы жылы маусымның соңына дейін жинап, толықтырып төлеп беруге уәдесін берді.

Қорыта айтқанда, екі тараптың да республикалық «Заң газетіне» құрмет көрсеткені, бізге ілтипат таныта сыйлағаны ерекше ескерілді. Әйтпесе, Айманыш Құрбосынның « сіз келмесеңіз ана кісілерді жолатпайтын едім дегені,  ал оның атына қарсы тараптың бірқатар сөз айтқаны бар еді. Соның барлығына сабырлылық танытып, мәселені ушықтырмай ортақ мәміле – татуласуға келістіре білдік. Мұны екі тарап  арасында ауыз екі тілде айтылып, мәмілеге келу рәсімі деп санауға да болады. Ал заңнама талабына сай негізгі жұмысымыз ағымдағы жылы маусым айының соңғы күндері Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі М. Түймебаев ауылы, Түймебаев шаруа қожалығы  жеріндегі  № 578 кадастр нөмірі: 03.046-130-1635 жер  телімінде (шақыртуға сәйкес барып қызмет көрсететін) нотариуспен атқарылады. Онда тараптар тең шақыртулар алып, жер телімін сату-сатып алу құжатына  жеке куәліктерін көрсете отырып, қол қойысады. Әлбетте, нотариальдық палатаның әрекет етуші  мүшесі екендігін растайтын нотариустың куәлігін көру, сату-сатып алу құжатында сатып алушының 6.5 млн. теңгені толық төлеп бергені, сатушының 6.5 млн теңгені толығымен санап алғандығын нақты жазылып, көк түсті мөрінің басылғанын  білікті адвокат та біз де  көріп тұрамыз. Егер жоғарыда көрсетілген уақытқа дейін тараптар қаражаттары дайын болып, ұсыныстарын түсіріп жатса рәсімдеу шарасына  біз – адвокат Жәрдембек Қыдыралин және осы жолдардың авторы дайынбыз.

P.S. Бастау алған бітімгершілік рәсімінің нәтижесі уақыты келгенде талапқа сай жазылып, жарияланады.

Нұрбол Әлдібаев,

Алматы облысы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың 25 маусымында Алматы қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті...

ООН – 80 лет: роль Казахстана в глобальном диалоге

В июне исполняется 80 лет со дня подписания Устава...

БҰҰ – 80 жыл: Қазақстанның жаһандық диалогтағы рөлі

1945 жыл 26 маусым адамзат тарихында ерекше орын алатын күн.  Биыл...

Тіл – мемлекеттік қызметтегі маңызды құрал

Тіл – ұлттың жаны, елдіктің негізі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік...

Ана тілі – ең басты байлығымыз

Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды...