Асхат Аймағамбетов Президент тағайындауынан кейін қазақстандық педагогтерге алғыс айтты

Асхат Аймағамбетов Президент тағайындауынан кейін қазақстандық педагогтерге алғыс айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймағамбетов бұл шешім білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту үшін өте маңызды екенін атап өтті. 

«Мемлекет басшысы екі министрлік, яғни Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту үшін өте маңызды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саланы дамыту бойынша алға қойған нақты міндеттеріне тиімді орындауға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы міндеттер мен сын-тегеуріндер ауқымы артып келеді. Жоғары білім мен ғылым саласына тоқтала кетсек, қазірдің өзінде қол жеткізілген нәтижелер кадрлар даярлау және ғылыми өндірісті дамыту үшін жаңа, үлкен мақсат-міндеттер қоюға септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл реформа осы бағыттардың дамуына тың серпін береді», — дейді министр. 

Сондай-ақ жоғары көрсеткіштер екі министрліктің тығыз ынтымақтастығына байланысты болады.

«Үш жылдың ішінде Білім және ғылым министрлігі ұжымының білім саласын да, ғылым саласын да жетілдіру мақсатында атқарған жұмысы аз емес. Барлық заң мен оң өзгеріс білім мен ғылым саласындағы ғалымдардың, педагогтердің, басқа да қызметкерлердің мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп отырған Президенттің жеке қолдауының арқасында қабылданды. Үш жыл бойы Білім және ғылым министрі ретінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген жөн деп санаймын. Нақтырақ айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету, білім сапасы мен ғылымның әлеуетін арттыру бағытында қандай шешімдер қабылданды, қандай деректер негізінде жүргізілді және жалпы қандай жұмыстар атқарылғаны туралы есеп берген маңызды. Бірінші кезекте Мемлекет басшысына сенім білдіріп, Білім және ғылым министрі кезімде қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, министрліктің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың және ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамдарына, облыстардың департаменттеріне, білім басқармаларына алғыс айтамын. Еліміздің педагогтеріне қолдау көрсетіп, бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғысым шексіз. Алда Жаңа Қазақстанның дамуы жолында жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр», — деді Аймағамбетов. 

Ақылы жолдан түскен қаржы қайда жұмсалады? 

Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы "ҚазАвтоЖол» ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты.

ҚМДБ «әйелін шәкіртіне сыйға тартқан» имамға қатысты мәлімдеме жасады 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда резонанс тудырған «әйелін басқа ер адамға беруге болады» деген мазмұндағы пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап, мұндай әрекеттердің шариғатқа қайшы екенін мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы жағдай: Дубайға рейстер тағы тоқтатылды 

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстері кемінде 2026 жылғы 19 мамырға дейін орындалмайды. Рейстерді тоқтату мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.