Асқар Әмрин елорда әкімінің орынбасары қызметінен кетеді

Асқар Әмрин Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетеді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл қызметті 5 жылдан аса уақыт атқарғанын, 2 ақпанда оның осы лауазымдағы соңғы жұмыс күні болғанын айтты.

«Бірінші кезекте елорда тұрғындарына және қызмет бабымен азаматтарды қабылдауда, қаланы аралауларда, халықтың арасында, «Жанұя» орталығында, нысандарда бірге жұмыс жасаған, тілдескен, мәселелерді шешкен барша жанға алғысымды айтамын. Бұл — баға жетпес өмірлік тәжірибе», — деп жазды Әмрин.

Ол экономика және құқық қорғау органдары мәселелеріне, сонымен қатар, үлестік құрылыстың мәселе туындаған нысандарының қаржыландырылуын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік еткенін айтты.

«Мәселе туындаған нысан үлескерлеріне айтпағым: сіздермен бірге үлкен жұмыс атқардық, нысандардың көпшілігі тапсырылды, үлескерлер өз кілттерін алды, белгілі бір уақытты қажет ететін құжаттарды рәсімдеу жұмыстары ғана қалып отыр. ЕҚК әрі қарай да мәселе туындаған нысандарды аяқтау бойынша өз жұмысын жалғастырады және сіздер де көптен күткен үйлеріңізге қол жеткізесіздер!» — деп жазды ол.

Сондай-ақ, Асқар Әмрин әріптестеріне алғысын білдіріп, мемлекеттік қызметтегі жұмыс үлкен еңбек екенін айтты.

«Ә.Ө. Исекешев, Б.Т. Сұлтанов, А.С. Көлгінов сияқты елорда әкімдеріне сенім білдіргендеріңіз үшін, бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын. Баршаңызға татулық пен жақсылық тілеймін!», — деді ол.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...