12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ЖАРНАМАЛАҒАНДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Қаржы пирамидасының құрығына түсіп, алданушылар көбейіп барады. Бүгінгі таңда олардың саны 31 мыңға жетіп, ал жоғалтқан қаржының көлемі 54 млрд теңгеге бір-ақ секіріпті. Елдің қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайын ескерер болсақ, бұл өте үлкен шығын. Мұның сыртында аталмыш санатқа кірмегендері қаншама? Олай дейтініміз, кейбір адамдар қаржы ұйымдарына алданғанын жасырады. Арасында банктерден несие рәсімдеп кіргендері де бар. Олар жақын-жуығын алаңдатып, ренжітпес үшін, былыққа батқанын жасыруға тырысады. Проблемасын өз бетінше шешпек болып, қарыздан қарызға батып жүргендер де аз емес. Өкінішке қарай, алданушылардың дені – қаржылық сауаты төмен жандар. «Алма піс, аузыма түс» деп жылдам баюды көздейтін жандардың арасында көзі ашық, зиялы қауым өкілдері де кездесіп қалады. Бұл қаржылық алаяқтардың сенімге кіру жолын терең меңгеріп, оңтайлы пайдаланып отырғанын көрсетеді.
Жалпы, тарихқа көз салсақ, қаржыға алаяқтық жолмен қол жеткізудің негізін 1960 жылы америкалық олигарх Бернард Мэдофф қалапты. Оның құрған адамзат тарихындағы ең ірі «Mэdoff Investment» қаржы пирамидасы жарты ғасыр бойы ірі компанияларды сазға отырғызумен айналысқан. Құрбандарының арасында айлығы шайлығына әрең жеткен қарапайым адамдардан бастап, үріп ішіп, шайқап төккен атақты байлар да болған. Олардың қатарында бейсбол спортының майталманы, «Нью-Йорк Метс» командасының иесі Фред Уилпон, актер Кевин Бэкон, режиссерлер Стивен Спильберг пен Педро Альмодовар да болған деседі. Мықтыларды бұл жүйенің құрбаны еткен қаржылық сауатсыздықтан бұрын сол баяғы оңай олжаға құмарлық екені сөзсіз. Қазақстанға қаржылық пирамида индустриясы 1993 жылы келіп, өз құрбандығын тырнағына іле бастады. Бұл ұйымдар жұмысына қатысты сауатты талдаулар дер кезінде жасалып, тиімді шаралар уақытында қабылданғанда, оңай олжа адамдардың көзін байламас еді. Алданып қалғандар жайлы ақпараттар жарияланып жатқанымен, қауіпті үрдістің шынайы бейнесі тиісті деңгейде айқындалмады, әлі де толық ашылмай келеді. Бұған бұқаралық ақпарат құралдары да кінәлі. Соның кесірінен бұл «бизнес» ауқымын кеңейтіп, құрбанын көбейте түсті. Оған, әрине, пирамида басында тұрғандардың әлеуметтің тыныс-тіршілігін терең зерттеудегі алымдылығы да ықпал етті. Сарапшылардың айтуынша, жалпы, пирамидаларды бірден ажырату қиын. Олар желілік маркетинг, қор биржалары түрінде де жұмыс істей береді. Яғни, қаржы, инвестиция нарығында пайда болған трендтердің ешқайсысын құр жібермейді. Криптовалюта деп темір жетондарды сатып та әрекет ететіні бар. Кез келген қаржылық пирамида 5-6 жылдан артық жұмыс істемейді. Бұрынғы құрбандары 1,5- 2 млн болса, қазіргілері 30-40 мың адаммен шектеледі. Қылмысы ашылып қалса, атауын өзгертіп, жұмыстарын жалғастыра береді. Сондықтан қаржы пирамидаларының заңды ұйым ретінде қай елде тіркелгенін анықтау мүмкін емес. Батыс елдерінде заңмен тыйым салынғандары бастапқы құжатымен Қазақстанда немесе Өзбекстанда жұмысын жалғастырып жатуы әбден мүмкін. Бүгінде елімізде жұмыс істеп жатқан мұндай ұйымдардың бірқатары солай атауын өзгерткендер десек, қателеспейміз. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар негізінен өте жоғары жалақы табатынына сендіріп, аңқау адамдарды тартады. Ол негізінен үш саты бойынша әрекет етеді. Бірінші – пирамиданың құрылуы. Ереже бойынша, алғашқы қатысушыларға ұйымдастырушылар уәделі табысты өз қалтасынан төлейді. Екінші қадам – қаржы пирамидасын дәріптеп, насихаттау. Одан қаржы алғандар шексіз табысы жайлы «қуаныштарын» таныстары, туыстары, достары арасында, әлеуметтік желілерде бөлісіп, қатарына неғұрлым көп адамды тарта бастайды. Ұйымдастырушылар белгілі блогер, селебритилердің де мүмкіндіктерін құр жібермейді. Бұл кезеңде оларға сыйақы өз қаржысынан емес, пирамидаға жаңадан тіркеліп жатқандар есебінен төленеді. Үшінші қадам – пирамиданың күйреуі. Бұл қатысушылардың белгілі саны мен қаржының белгілі көлемі жинақталған кезде болады. Жеңіл жолмен тез қол жеткізетін табысқа сенген адамдар сыйақы былай тұрсын, өз қаржысынан айрылады. Сонымен қатар, мұндай жағдайдан қорғану мүмкіндігінсіз де қалады. Өйткені, Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз, сондықтан пирамиданы ұйымдастырушылармен жасалған келісімнің ешқандай заңдық күші жоқ. Қаржы пирамидасы қаржы ұйымдарына жатпайды және олардың ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің депозиттерді қабылдау, банк есепшоттарын ашу мен жүргізуге беретін лицензиясы жоқ. Сондықтан олар қаржы реттеушісі тарапынан ешқашан бақыланбайды. Қаржы пирамидаларын мынадай белгілері бойынша білуге болады. Олар қаржы пирамидасына кіру жарнамасын төлеуді талап етеді. Нарықтық деңгейден бірнеше есе жоғары табыс табатынына және басқа клиенттерді тартқаны үшін сыйақы алатынына сендіреді. Компанияның қаржылық жағдайы туралы нақты ақпараттар болмайды.

Десе де, Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, осындай алаяқтықпен айналысып, оңай жолмен баюды көздегендердің жолы кесілуде. Мысалы, 2020 жылы қаржы пирамидасына қарсы қозғалған 149 іс сотқа жіберілсе, 2021 жылы 213 осындай әрекетке қатысты қылмыс тергеліп, қазылар құзырына берілген. Жүйелі түрде қолға алынған шаралар нәтижесінде қаржылық пирамидалар жұмысы жарнамаланған сайттар бұғатталып, олардың құрылымдық ұйымдары айқындалып, 180-нен астам қаржылық инвестициялық компаниялар мен фирмалардың қызметі тоқтатылыпты. Қылмыстық іске 126 адам тартылып, оның 38-і сотталып, қалғанына қатысты сот өндірісі жүріп жатыр. Сот тергеуі барысында жалпы құны 3 млрд теңгеден астам қаржыға тең ақшаға жылжымалы және жылжымайтын мүлік тұтқындалған. Енді қаржы пирамидасын құрғаны және жарнамалағаны үшін жаза бұрынғыдан күшейеді деген үміт бар. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы (инвестициялық) пирамидалары қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, қаржы пирамидаларын басқаны айтпағанда, жарнамалау да қылмыстық әрекет ретінде танылып, онымен айналысқандар жауапқа тартылмақ. Ал, қаржы (инвести-циялық) пирамидасының схемаларын құрып, оның жұмысын басқарғандар өзінің лайықты жазасын алады. Осылайша бұл құжат азаматтарды заңсыз қаржы және инвестициялық жобаларға қатысудан қорғауды күшейтпек.

Мақсат СЕРАЛЫ, тәуелсіз сарапшы:

– Бұл заң негізі қаржы нарығын реттеу үшін әлдеқашан қабылдану керек еді. Қаржы пирамидасы Қазақстанда ешбір заңмен реттеліп, қадағаланбай келді. Ол – таза алаяқтық ұйым. Арнайы заңның жоқтығын пайдаланып, қаржы жасау жолын терең білетін адамдар оңай жолмен байыды. Олар бұл ретте белгілі адамдарды да тартты. Оларға қаржы төлеп, өз жарнамасын жасатты. Елдің алдында жүрген адамдардың бұл әрекеті және ол үшін жазаның болмауы алаяқтардың құрбанын көбейте түсті. Жаңа заң бойынша енді қаржы пирамидасын құрғандар да, оны жарнамалағандар да жауапкершілікке тартылып, айыптары дәлелденсе, жазаланады. Бұл өте дұрыс шешім болды. Соның арқасында соңғы үш-төрт айдың көлемінде қаржы пирамидасы жайлы теріс ақпараттар естілмейтін болды. Тура осы талапты шағын несие ұйымдарына да қолдану керек. Өкінішке қарай, қаржы пирамидасына салынған ақшаны қайтару мүмкіндігі жоққа тән. Себебі ол ақша екінші деңгейдегі банктерге салынған депозиттер секілді кепілдендірілмеген. Олардың лицензиялары жоқ. Бұл ұйымдармен жасалған келісім заңсыз және шетелдіктерге тиесілі болғандықтан, салынған ақша негізінен қайтпайды. Сондықтан тұрғындар қаржылық жағынан сауатты болу керек. Қазір осындай ұйымдар атақты қаржыгерлер атын немесе компанияларды пайдаланады. Олар да мұндай әрекетке дер кезінде тосқауыл қойып, өздеріне қатысты берілген осы сипаттағы ақпараттарды түрлі платформаларда теріске шығарып, халықтың адаспауына мүдделі болуы тиіс. Қазіргі замандағы бағаның күн сайын өсіп, қымбатшылықтың қысып тұруы түрлі қаржылық алаяқтықтың да қанатын кеңге жаюына оңтайлы мүмкіндік туғызуда. Сондықтан азаматтарға бұрынғыдан да сергек болу қажеттігі туады. Олар бұл орайда міндетті түрде өздерін тартқан ұйымдардың Қазақстаннан алған лицензиясын сұрауы керек. Тіл арқылы да анықтауға болады. Өйткені, шетелдік ұйым өкілдері қазақ тілін білмейді. Оларға қазақша сауал қою арқылы да бұл ұйымның елімізге қатысты емесін, күмәнді ұйым екенін біле аламыз.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Ел экономикасының қуатты болуы бірінші кезекте өндірісті өнеркәсіптердің сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының дамуына тікелей байланысты болары сөзсіз. Бұл орайда елордалық облыс мәртебесіне ие – Ақмола облысында жағдай біршама тұрақталып, тіпті қарқыны еселеп артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.