12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің 1-бабына сәйкес, егер осы кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, Азаматтық процестік кодекстің ережелері қолданылады. Сот ісін жүргізу тілін белгілеу тәртібі ҚР Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында нақты көрсетілген.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы. Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады. Осылайша, арыз сотқа қайсы тілде берілсе, сот істі сол тілде қарауға міндетті. Əкімшілік рəсімге, əкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылар сотта ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге, аудармашының көрсетілетін қызметтерін пайдалануға құқылы. Сот практикасынан көрінгендей əкімшілік іс бойынша құқықтық көмек беретін адвокаттар мен заңгерлер талап қоюды көбіне орыс тілінде əзірлейді. Өкілдері талапты сотқа орыс тілінде береді, ал сотқа келген талап қоюшы сот процесі кезінде орыс тілінде ойын еркін жеткізе алмай, қазақ тілінде түсініктеме беруге тілек білдіріп жататын кездері болады. АПК-нің 14-бабы 2-бөлігінде көзделген ережелер түсіндірілсе де, көп жағдайда азаматтар сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқықтарын қолданбайды. Сондықтан, кəсіби құқықтық көмек көрсетуші заңгерлер сотқа берілетін арызды талап қоюшының өзі жетік меңгерген тілде əзірлесе деген тілек бар.

Асылхан АБИЛГАЗИНА, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының судьясы

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...

Алаяқтың арбауына түспеңіз!

Қаржы алаяқтарының айла-амалдары күн өткен сайын күрделеніп барады. Олар...

Талап қоюдың тәртібі

Ел Президенті өзінің халыққа арнаған әрбір жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, сот...

Тәуелсіз елдің тарихи бастауы

БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. БҰЛ АЗ УАҚЫТ...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Халқымыз үшін аса қастерлі мереке саналатын Конституция күнінің өмірімізде...