Аршалы ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар жасалып жатыр

Түрген ауылында және Аршалы станциясының жанында мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді, Қостомар ауылында және Аршалы кентінің Жеңіс көшесінде арық жүйесі жүргізілді. Анар станциясында және 42-ші разъезде 660 қап инертті материал төселген. 42-ші разъезде Аршалы кентінің 16-ӨСБ мобильді посты қойылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені Жібек жолы ауылында белсенді іске асырылуда. Елді мекеннің бөгеттерін қорғау үшін 500 қап дайын, 4-ші шағын ауданда 130 метр қорғаныс бөгеттерін нығайту және күшейту жұмыстары жүргізілуде, 8-ші шағын ауданда қаптарды толтыру үшін 120 тонна инертті материал әкелінді. Тәуекел аймағында қалған 16 саяжай мен 35 тұрғын үйдің иелері хабарлама алды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 85 адам, 16 бірлік техника, 15 мотопомпа жұмылдырылды, оның ішінде коммуналдық қызметтер, Ақмола облысы және Шымкент қаласы ТЖД құтқарушылары мен техникалары, аудан ЖШС қызметкерлері жұмыс істейді.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...