«АрселорМиттал Теміртау» цехындағы ТЖ: оқиғаның жай-жапсары айтылды

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілдері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорны «Құрылысмет» ЖШС ұстапрестеу цехында болған оқиғаның мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылдың 10 маусымында сағат 14:30 шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорны «Құрылысмет» ЖШС ұстапрестеу цехында топтық жазатайым оқиға болды (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы). Алдын ала деректер бойынша, жұмыс істемейтін термопештегі отқа төзімді қалауды демонтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде пеш күмбезінің құлауы орын алған, нәтижесінде 5 қызметкер үйінді астында қалған. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі қалалық орталық ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.

Топтық жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін комиссия құрылатыны айтылады.

Осы тергеудің нәтижелері қосымша хабарланады. 

Еске салайық, бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында төрт адам қаза тапқаны хабарланған. Кейін зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды. Артынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...