Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталды

Сейсенбі, 13 қыркүйекке қараған түні Армения-Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталды. Екі елдің қорғаныс министрліктері қарама-қайшы ақпарат таратып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің артиллерия мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы Армения территориясын атқылай бастағанын мәлімдеді.

«13 қыркүйек сағат 00:05-тен бастап Әзербайжан қарулы күштерінің бөлімшелері Горис, Сотк және Жермук маңындағы армян әскеріне артиллериядан, ірі калибрлі атқыштардан атқылауды бастады», — делінген хабарламада.

Әскери ведомство Әзербайжанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Әзербайжанның азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқаны хабарланды.

Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян әскері ауқымды арандатушылық жасады деп айыптады.

«Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзербайжан-Армения мемлекеттік шекарасының Дашкесан, Калбажар және Лачын бағыттарында кең ауқымды арандатушылық жасады…», — делінген хабарламада.

Әзербайжан тарапының мәліметінше, қақтығыс кезінде Әзербайжан әскерилері атқылауға ұшыраған.

«Нәтижесінде жеке құрам арасында шығын болып, әскери инфрақұрылымға зақым келді. Армения қарулы күштерінің атыс нүктелерін ауыздықтау және әскери қақтығыстар ауқымының кеңеюіне жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр», — делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Бакуде Армения қарулы күштерінің адам күші мен әскери техникасының шығыны бар екенін хабарлады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, Ресей президенті Владимир Путинмен, сондай-ақ Франция президенті Эммануэль Макронмен шиеленіскен жанжалды талқылады.

Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Ресейден көмек сұрауға шешім қабылданды.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...