spot_img
spot_img

Архив жаңа жеке тектік қормен толықты

Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде кеңестік кезеңдегі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1946 -1954), КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы (1950 -1954) Ж.Ш. Шаяхметовтің (30.08.1902 -17.10.1966) құжаттарын Архивке өткізу туралы келісімге қол қойылды. Құжаттарды мемлекеттік сақтауға Жұмабай Шаяхметовтың немересі Ринат Шаяхметов тапсырды.

Кездесу барысында Архив директоры Ә.Қ.Мұстафина Архивтің басым бағыттарының бірі – тарихи құжаттық мұраларды дәріптеу және мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке тектік құжаттарын толыққанды жинақтау екенін атап өтті.

1998 жылдан бастап Архив жеке тектік құжаттарды жинақтауды бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіндегі мемлекеттік сақтауда 90-нан астам жеке тектік қор бар. Олардың қатарында С. Жиенбаев, Ш. Жәнібеков, М. Бейсебаев, М. Оспанов, Ә. Әлімжанов, М. Қозыбаев, А. Асқаров және тағы да басқа қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар. Қорларда мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің өмірі, қызметі сынды мағлұматтардан бөлек, тарихи тұлғалардың суреттері де сақталған. Бұл құжаттар көрмелер ұйымдастыруда, мақалалар жазуда, дөңгелек үстелдер өткізуде және кітаптар шығару кезінде аса керек.

Биыл Жұмабай Шаяхметовтың 120 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Жұмабай Шаяхметов. Құжаттар мен материалдар» атты жинақ дайындап, жарыққа шығарды. Кітапта мұрағаттық құжаттар, мақалалар мен естеліктер арқылы Ж.Шаяхметовтың өмірі мен қызметі туралы айтылады. Сонымен қатар кітаптан өткен ғасырдың 40-50 жылдарындағы Қазақстанның дамуын көруге болады. Бірқатар құжаттар алғаш рет жарияланып отыр. Бұл жинаққа негізінен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қорларындағы құжаттар енгізілген. Олардың қатарында қызметтік хаттар, баяндамалық жазбалар, ақпараттар, жеделхаттар, түрлі іс-шараларда сөйлеген сөздер, Қазақстан КП ОК шешімдері, қаулылары және т.б. бар. Ресей Федерациясының мемлекеттік архивтерімен қатар, Р.Р.Шаяхметовтың отбасылық архиві, замандастарының, туыстарының, жақындарының естеліктері, қазақстандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің мақалалары да топтастырылған.

Жинақ Шаяхметовке арналған кітаптардың жалғасы болды деуге болады. 2021 жылы қоғам қайраткері жайлы екі туынды жарық көрді. Бірі Айдар Шаяхметовтың «Реконструкция смысла: Эссе о Жумабае Шаяхметове» кітабы болса, екіншісі Лайла Ахметова мен Владислав Григорьевтің «Жумабай Шаяхметов и его время» кітабы.

Дайана Тоқбергенова,

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкері

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...