Аргентинада маймыл шешегі анықталды

Аргентиналық мамандар маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы ықтимал жағдайын зерттеп жатыр, — деп хабарлайды RT арнасы.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Испаниядан оралған Буэнос-Айрес провинциясының тұрғынында маймыл шешегіне ұқсас белгілер анықталған.

«Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінің ықтимал жағдайы туралы хабарлады. Буэнос-Айрес қаласында осы аурудың белгілері бар науқас анықталды», — делінген хабарламада.

Науқастың жағдайы жақсы, бірақ оқшауланған.

Айта кетейік, маймыл шешегі Ұлыбританияда, Испанияда, АҚШ-та және Португалияда тіркелген болатын.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалаған еді. Ал Перу үкіметі маймыл шешегі өршуіне байланысты дабыл қақты.

Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл — 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.

Еске салайық, бұған дейін маймыл шешегі адамға жұғуына байланысты ДДСҰ түсінік бергені хабарланған болатын.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...