АРДАГЕРЛЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД –ның №13 мекемесінде мекеме ардагерлері үшін ауызашар берілді.
Мұсылман қауымы үшін қасиетті ораза айында арнайы қой сойып, ардагерлерге құрмет көрсеткен мекеме басшылығы бұл басқосудың тәрбиелік мәніне де тоқталды.
«Бұл жерде айта кететін бір жәйт – ауызашарға тек ардагерлерді ғана емес, біздің мекемеде еңбек етіп, басқа мекемелерге ауысып кеткен қызметкерлерді де шақырдық. Ондағы мақсатымыз – қылмыстық-атқару саласында тәжірибе жинақтаған аға буын өкілдері мен ардагерлердің қызметке адалдығын, абыройлы жылдарын жас мамандарға үлгі ету. Ауызашарға жиналған қауым өздерінен кейінгі буынға өз өсиеттерін айтып, қиын да жауапты жұмысты адал атқарудың болашақта құрметке бөлейтінін тілге тиек етіп, әңгіме-дүкен құрды»-дейді мекеме бастығы Е.Жекенов.
Бас қосуға жиналғандар ораза айында өздеріне осындай көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мекеме ұжымына деген ризашылықтарын білдіріп тарасты.

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...

Оставьте ненужные споры

Сначала Бозжыра, затем Кок-Жайляу, теперь Катон-Карагай и Маркаколь… Споры...

Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет: жаңа заңның жаңа мүмкіндіктері

Мемлекеттік қызмет-ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан, бұл саладағы...

Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім көпірі

Мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – билік пен қоғам...