Ағымдағы жылдың жартыжылдығын қорытындылау мақсатында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері, жас мамандары, ардагер-тәлімгерлердің қатысуымен кездесу өткізілді. Тәлімгерлік жұмыстарды жандандырып, жас мамандарды қызметке бейімдеп, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткен шара ҚАЖД бастығы А.Изтлеуовтің сөзімен бастау алды. Сонымен қатар, ІІО-да қажымай еңбек еткен ардагерлер өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге жақсы тілектерімен білдірді. Шара соңында ҚАЖД ардагерлеріне Алғыс хаттар табысталды.


