-13.1 C
Алматы
Воскресенье, 27 ноября, 2022
spot_img
spot_img

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-болашаққа бастар жол!

Ұланғайыр бір даланың топырағында дүние есігін ашқан сәттен бастап,біріміз-соның кіндік ортасында,енді біріміз-теріскей,ал үшіншіміз-күнгей шалғайында жүріп,дәйім биікке талпынып, алға ұмтылып, кемел сіңіргендей қуатымызды арман-аңсарымызға, мұқалмас жігерімізді оқу-білімге жұмсап, заманымыздың, халқымыздың жарық жұлдызына айналып,қоғамдық өмірдің дамуына үлкен үлес қосуды алдымызға мақсат етіп қойдық.Таудың биік шыңына,аспандағы жұлдыздай жарқырап,бәсекеге қабілеттілігі жоғары қоғамда орнымызды табу үшін қаншама жандар еңбек етіп,маңдай терін төкті десеңші?!Ата-анамыз шырылдап бесікте жатқан сәттен бастап,тәй-тәй басып,мектеп табалдырығын аттап ержетіп,бойжеткенше тәлім-тәрбиесін беруге тырысты.Аяулы ұстаздарымыз сауатты болып,ой-өрісіміздің өсуіне ықпал етіп,оқу-білімге шақырды.Мектеп деген ұядан ұшқан кезден бастап,жаңа өмірдің есігі ашылады.

Оқу-білім қазығы,
Адамның азығы
Оқу өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы, — деп қазіргі қазақ әдебиетінің, Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы,үш бәйтерегіміздің бірі Сәкен Сейфуллин осы нақыл сөзін қағаз бетіне қыл қаламмен бекер жазбаса керек. Қоғамда өз орныңды тауып,ой-елесіңдегіндей ғұмыр кешкің келсе,бес бөлікен тұратын миыңа білімді тоқы.Сол білімнің сені алысқа жетелейтін азық,өміріңнің жарқын,әрі сәнді болуы оқу-білімде. Жануар тіршілігі үшін азық азық керек болса,адам баласына оқу-білім керек.Сол құдықтың түбінде жатқан білімді инемен қазу үшін студенттердің көп бөлігінің таңдауы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түседі. Бүгінгі жастар еліміздің ертеңі. Мектепте оқу керек,ал мектептен шыққан соң,онан да көп оқу керек,-деп орыстың әдебиет сыншысы Дмитрий Иванович Писарев айтқандай,өзімізді жан-жақты дамытып,қатарымыздың алды болып,сан түрлі кітаптарды оқып,жоспарлаған мақсаттарымызды іске асыру үшін университетіміз бар мүмкіндікті жасаған. Университетімізде 16 факультет шоғырланған, олар:биология және биотехнология,шығыстану,халықаралық қатынастар,физика техникалық,экономика және бизнес жоғары мектебі,география және табиғатты пайдалану, филология және әлем тілдері,заң,журналистика,жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, философия және саясаттану,медицина және денсаулық сақтау, механика-математика, тарих, археология және этнология,химия және химиялық технология,ақпараттық технологиялар факультеттері.

Өнерді үйрен,үйрен де жирен деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Бойыңдағы талантыңды өрбітіп, үлкен сахнаны армандасаң, университемізде Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы бар.Мұнда тек өнер көрсету ғана емес,талантың мен дарыныңды шыңдауға көптеген үйірмелер бар. Жыл сайын университетіміз сан қырлы байқаулар,жарыстар,шаралар ұйымдастырып тұрады. Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан,-демекші біздің рухани бай,ой-өрісі кең студенттеріміз Әл-Фараби кітапханасына барып,білімнің кілтін оқып,тоқуына болады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында заң факультетінің құқық қорғау қызметі мамандығына түстік.Тәлімгерлерден шоқып жатқан біліміз терең болғаны сол,болашақта мемлекетіміздің дамып,өркендеуіне үлес қосып, адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ өздерінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті дәрменсiз не өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге,жаппай тәртіпсіздіктің, топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуге,төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс, төтенше немесе соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бар ынта-жігерімізбен кірісеміз.

Сонымен қатар, заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың зардабын анықтауды және жоюды,құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын боламыз. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайту экономикалық қылмыстармен күресуге талпынамыз.

Бисенова Меруерт әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы
Карабаева Жансая 1 курс магистранты

Басқада | О других

Жаңалықтар / новости