12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесі уақыт сұранысына сай дамуда

Еліміздің сот жүйесі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елімізбен бірге өркендеп, қоғам сұранысына сай жаңғырып, қарыштап дамып келеді. Салада көптеген сот жүйесінің реформалары жасалып, ұлттық құқықтық жүйе қалыптасты, адам құқығының қорғалу деңгейі арта түсті. Егеменді елдің сот саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, мемлекеттік биліктің дербес тармағы – сот жүйесінің іргетасы қаланды. Бүгінгі күні кезең-кезеңімен жасалған рефомалардың, қабылданған заң-ережелердің, үлгі ретінде таңдалған елдердің халықаралық тәжірибелерінің игілігін сезініп жатырмыз.

Қазақстандық сот жүйесінің кешегісін еске алғанда алғашқы даму кезеңі еске түседі, яғни  егеменді мемлекет мәртебесін алу жылдарымен тікелей байланысты. 1992 жылы қабылданған сот туралы заң, кейінгі Құқықтық реформаның тұжырымдамасы, 1995 жылғы Конституциядағы сот билігі туралы баптар сот және құқық қорғау органдары туралы заңнаманы дамыту әрі демократияландырудың жаңа кезеңін көрсетті. Және ол сол уақыттың талабына жауап бере білді. ҚР құқықтық реформа бағдарламасы бүкіл құқықтық жүйені – заңнаманы, құқық қорғау саласын, сондай-ақ сот жүйесін қайта құруға негіз болды. Бұнда басымдық соттың мәртебесін көтеруге, оның мемлекет пен қоғам өміріндегі беделінің сөзсіз мойындалуына, тәуелсіз «үшінші билікке» айналуына мән берілді. Соттың халық сеніміне ие болуына орай салада жасалған өзгерістер де соған негізделе түсті. Одан кейінгі жылдары соттардың шынайы дербестігі мен тәуелсіздігін орнықтыру бағытындағы жұмыстар жасалды.  

Еліміздің сот институтын дамытуда Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» ерекше атап өту қажет. Еліміздің сот саласының дамуына серпіліс берген бастама болды деп айта аламыз. Өйткені «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 11 тармағы сот жүйесінің қызметіне арналған. Ұлт жоспарындағы бұл тармақтар әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу үшін сот реформасы қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Салада көптеген өзгерістер жасалып, сот жүйесі еліміздегі алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің қатарына енуі бағытында жұмыстар жасалды. Сот жүйесін айта отырып судьяларға қатысты өзгерістерді атап өтпеу мүмкін емес. Осы орайда судьялардың кәсіби біліктілігін тұрақты түрде жетілдіріп отыру, халықаралық тәжірибені ұдайы ескеріп, шеберліктерін шыңдау бағытында да жұмыстар қолға алынып жүзеге асты. Заң шеңберінде соттың ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді.

Сот жүйесіне сандық технологияның жетістіктері де енгізіліп, сандық жүйе саланың дамуын одан сайын жетілдіре түсті. Медиация жүйесі жолға қойылып, мамандандырылған соттар пайда бола бастады. Дау-дамайларды сотсыз шешу жолға қойылып, медиация арқылы шешімін табатын істер саны арта түсті. Халық игілігі үшін қолға алынған шаралардың барлығы оңтайлы өзгеріс болғанын уақыт көрсетіп отыр. Сот құзыреті заңмен кеңейтіліп, әлеуметтік мәртебе сі нақтыланды. Заман талабына сай жаңғыртылған билер институты мен пилоттық жобалардың сот жүйесіне батыл енгізілуі ашықтықтық пен жариялылыққа кең жол ашып, сот тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізуде. Карантиндік шектеу кезінде озық технологиялар жетістігі сот төрелігін қашықтан атқаруға мүмкіндік беріп, тараптармен кері байланыс орнатуға, сол арқылы уақыт пен қаражатты үнемдеуге жол ашты. Тізе берсек саланың жетістігі көп. Дегенмен еліміздің сот жүйесі бұл жетістіктерге тоқмейілсімей алдағы уақытта одан әрі дамуды мақсат етіп отыр!

Кожатаева Малика Карифоллаевна, Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...