Мешітке келген тұрғынның велосипедін ұрлаған жігіт Алматыдан ұсталды

Мақтаарал полициясына жергілікті тұрғын «Asbike» маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның мешіт сыртына қойып кеткен велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, мешіт пен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні Алматы қаласынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, бұрын сотты болған ер азамат болып шықты. Полицейлер жігіттен ұрланған велосипедті тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Яғни жәбірленуші азамат мешітке намаз оқуға велосипедін мініп келген. Содан соң велосипедті сыртқа қойып, өзі 10 минутқа ішке кіріп шыққан. Ал үйіне қайту үшін сыртқа шығып екі аяқты көлігін іздеп таба алмаған. Содан соң сақшылардан көмек сұраған.

Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның айтуынша, ол үйіне жету үшін ұрлық жасаған. Түркістан облысы полицейлері мұндай ұрлық түрінен қорғанудың жалғыз кепілдендірілген әдісі — велосипедті қараусыз қалдырмау екенін ескертеді. Велосипедіңізді камерасы бар орынға қойыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...