-13.1 C
Алматы
Воскресенье, 27 ноября, 2022
spot_img
spot_img

Полицейлер үйіне есірткі жасырған жергілікті тұрғынды анықтады

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді. Ал облыс орталығының тәртіп сақшылары хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сезіктінің үйіндегі диванның қуысына жасырылған газет орамасын тапты.

Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Басқада | О других

Жаңалықтар / новости