12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН №5 ЖАТАҚХАНА ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 356 орындық №5 жатақханасы күрделі жөндеуден өтіп, журналистика факультетінің студенттеріне салтанатты түрде қайта берілді. Осыған орай, оқу орнында БАҚ өкілдеріне арналған арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды.

Бес қабатты жаңарған ғимараттың ашылуына университет басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ҚазҰУ түлектері, оқытушы-профессорлар құрамы мен журналистика факультетінің студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев студенттерді жаңа қоныстарымен құттықтады.

«№5 жатақхананың қолына қалам ұстаған қауым үшін өзіндік терең тарихы бар. ҚазҰУ-да оқыған есімі елге танымал журналистер осы студенттер үйінде тұрды. Бүгін сол дәстүр жалғасын тауып, журналистика факультетінде оқып жатқан білім алушы жастарға қолданысқа берілді. Алдағы уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті құрылысының екінші кезеңінде қалашықта жаңа жатақханалар бой көтеретін болады», – деді ректор.

Одан соң университет басшысы журналистерге жатақхананың жөндеу жұмыстарының барысы жайлы әңгімеледі. Жөндеу кезінде ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, барлық бөлменің қабырғалары қайта сыланып, әрленді. Есік-терезе, еден төсеніштері мен жиһаздар сатып алынды. Сонымен қатар электр жүйесі қайта жүргізіліп, жарық беруші шамдар жаңадан орнатылды. Әр секцияға заманауи душ кабиналары қойылып, санитарлық-техникалық жабдықтар ауыстырылды. Бұған қосымша, ғимараттың cу құбыры мен кәріз жүйесі монтаждалды.

Журналистика факультетінің 1-курс студенті Хамза Ерден: «Біз №15 жатақханадан қазақ журналистикасының тарихы өрбіген қасиетті мекенге қайта оралдық. Бұл тарихи сәт. Бұл жатақханада көптеген зиялы қауым өкілдері тұрған. Мұнда студенттер жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалып отыр. Енді әр секцияда душ бар. Әр қабатта ас бөлмесі, оқу залы да қарастырылған. Жатын бөлмелері кеңейіп, жатақхананың жалпы дизайны өзгертілген. Жалпы, қалашықтағы ғимараттар мен жатақханалар күн санап жаңарып келеді. Біз өте қуаныштымыз», – деп өз әсерімен бөлісті.

Баспасөз туры Әл-Фараби кітапханасында жалғасты. Онда Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ құрылысының ІІ кезеңінің жоспарымен таныстырып, журналистер сауалына жауап берді.

Сондай-ақ журналистер пулы қалашықта өткен қызықты студенттік күндерді еске алып, білім алушылардың тыныс-тіршілігін көзбен көруге мүмкіндік алды.

Айта кетсек, №5 жатақханада соңғы бес жылда физика-техникалық факультетінің студенттері қоныстанған болатын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың атына түлектер тарапынан жатақхананы журналистика факультетіне қайта беру туралы ұсыныс түскен еді. Осыған сәйкес, университет әкімшілігі тиісті шешім қабылдап, күрделі жөндеуден өткен жатақхана болашақ журналистерге қайта пайдалануға берілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...

Тәлімгермен кездесу

IІO алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби денгейін арттыру мақсатында ҚР...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...