Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына, заң үстемдігіне және азаматтардың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Ол әділеттілік қағидаттарын бұзып қана қоймай, қарапайым халықтың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Сыбайлас жемқорлық көбінесе құқықтық сауатсыздық пен немқұрайлылықтан туындайды. Кейбір азаматтар өз құқықтарын толық білмегендіктен немесе «мәселені тез шешу» мақсатында заңсыз әрекеттерге келісіп жатады. Бұл – үлкен қателік. Заңды айналып өту уақытша жеңілдік әкелгенімен, оның салдары ауыр болуы мүмкін.

Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылуда. Қоғамдық бақылау күшейтіліп, азаматтармен өзара қарым-қатынас ашықтық қағидатына негізделуде, сондай-ақ заң бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидаты сақталуда.

Тек бірлесе әрекет еткенде ғана біз әділетті, ашық және заң үстемдігі орнаған қоғам құра аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аға сот приставы Б.Сүгір

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...