12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

18 қазан күні беделді оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Жас жалын» атты салтанатты кеш өтті

Республика күніне орай өткізілген бұл мерекеге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы мұрындық болды. Дүркіреп өткен кешке оқу ордасының ұстаздары да қатысты. Рухыңа рух қосатын, жүрегіңе нұр ұялар сәт – әнұранның шырқалуы. Бүгін де бұл рәсім ұмыт болмады. Әнұран айтылып, бір серпіліп қалған жұрт енді сахнаға көз тікті.

Жүргізушілер қазақтың әдет-ғұрпына салып, меймандарға сөз берді. Алғашқы болып сөз алған Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Рамазан жиналған жұртшылыққа алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

– Құрметті студенттер, кештеріңіз құтты болсын! Бұл онлайннан кейін баршамыз бас қосқан кездесу. Төрт көзіміз түгел отырмыз. Лық толы үшінші аудиторияны көріп, толқып, қуанып тұрмын. Биыл біздің кафедраға 80 студент, магистрант келіп түсті. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Қасымхан Бегманов деген ақын «КазГУ-дің қарашығы, Көзімнің қарашығы» деп жырлады. Сол тіркесті КазГУ-де жүрген әрбір студент жатқа айтатын. ҚазҰУ – жастықтың алаулаған ортасы, аңыздың ортасы. Себебі, бұл жерде Қожакеев, Амандосов, Ыдырысов, Кенжебаев секілді ғалымдар өткен. Сол Қожакеевтің қаталдығы және әділдігі туралы, Амандосовтың сырттандарды сырттан танитын аңғарымпаздығы туралы, Ыдырысовтың бауырмалдығы туралы, кіл талантты шәкірттердің ардақты ұстазы Кенжебаев туралы өз студенттерінің жазған естеліктері, айтқан «аңыз» әңгімелері – бұл күнде естелік болып қалды, аңызға айналды. Бұл ортада Бауыржан Үсенов, Табылды Досымов деген талантты ақындар болды. Сіздердің араларыңыздан да талантты шығармашылық иелері шығарына сенімдімін. Ең бастысы, өмірден орындарыңызды таба біліңіздер, – деді Айгүл Әмірғалиқызы.

«Жас жалын» ҚазҰУ қалашағының әр ағашы жырмен тербеліп тұратын кезеңді жандандырғандай әсер қалдырды. Бірінен соң бірі суырылып шығып, өлеңдете жөнелетін талантты студенттерге қайран қаласың. Тамсанасың. Іштей риза боласың. Арқалана өлең оқыған қатарластарыңды көріп, төбе-құйқаң еріксіз шымырлап қоя береді екен. Ауыздары борсып, жырға шөлдеген дүйім жұрт осылайша қарық болды да қалды.

Әрбір кештің көпке дейін айтылып жүретін жылы естелігінің болғаны ләзім. Жас жалынды жандандыра түскен, ел-жұрттың қиқуын арттырған сәт – 4 курс студенті, Патта Рабиғаның монологы. Деканнан бастап барлық оқытушылардың сипатын келістіріп, мінездеме берген ол көптің көңілінен шықты. Ойы ұшқыр студенттің сөйлеу мәнері мен сөз құрау шеберлігі кештің көркін қыздыра түсті. Мерекелік кеш сахналық қойылымға жалғасты. 90-шы жылдардың атмосферасына сәйкес безендірілген үшінші аудиторияда ән де, би де болды. «Сен тұр, мен атайын» деген сайыпқырандар бар өнерін ортаға салды.

Оқу тауысқан ғұламаның атындағы оқу орын. Сөз зергерлері мен текті азаматтардың табаны тиген қарашаңырақ – өнерлі мен өнерсіздің, парықты мен парықсыздың ара-жігін ажырата білетін орта. Қым-қуыт базардың қызығы тарқаған секілді көрінетін. Бүгінгі күн бұл пәтуаны жоққа шығарды. Демек, қарашаңырақтан әлі де талайлардың қара үзіп шығары кәдік.

Мәдениет Жандос, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 4-курс студенті.

Колонию Астаны посетила представитель Уполномоченного по правам человека

С ознакомительным визитом колонию-поселения посетила представитель Уполномоченного по правам...

ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ ҚАТАРЫНДА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жан басына шаққандағы жылдық жұмыртқа...

ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЛЕДІ

Биыл көктем елімізге жайлы болмады. Дегенмен, осынау қиын кезде...

ӨҢІРДЕ ӨНІМДІ ІС КӨП

Ақмола облысында инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру...