12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар арасында футболдан жарыс өтті

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Төлеби аудандық пробация қызметі мен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ұранымен кіші футболдан жарыс өткізілді.

Аталған шараға 6 командадан құралған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған азаматтар қатысты.
Бұл спорттық доданың басты мақсаты түрлі себептермен тағдыр тәлкегіне түсіп, аңдамай шалыс басқан азаматтарды қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттап, өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қайырымдылық іс-шараларға жұмылдыру болып табылады. Сонымен қатар, есірткі тұтынудың зияндылығы мен зардаптарын ұғындырып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына ықпал тигізді.

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алматйтын бейшара халге жетеді. Нашақорлық – бүкіл қоғамының қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып ғасыр індеті жүр. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт — барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласы жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің ауданда жағдай жасалған. Спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылықЖеңіс тұғырынан көрініп жүлделі орындарға ие болған спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз, — деді Сарыағаш аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қуандық Сартаев.

Тура жолдан аяғын шалыс басып, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотты болып, пробация қызметінде жазасын өтеп жүрген сотталған тұлғалар жайлы айта кетсек. Жыл басынан бері Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебінен есірткі қылмыстарына қатысты 43 адам өтті, оның ішінде 4 әйел азаматшалары. Сотты болған соң адам күйзеліске түседі, күйзеліс тек зиянын тигізетіні түсінікті.
Мықтылығымен танылғандар «үздік ойыншы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік қорғаушы және үздік жаттықтырушы» номинациялары бойынша дипломмен марапатталды.

Бекітілген ережеге сәйкес бірнеше топқа бөлініп кіші футболдан ойнаған жеңімпаз команда мен ойыншылар бағалы сыйлықтар мен грамота және алғыс хатпен марапаталды. Пробация қызметінің бақылауында тұрған жастар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Ойын соңында үздік шыққан командалар мен жекелеген ойыншылар ұйымдастырушылардың кубогімен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Осындай спорттық шараны ұйымдастырған Сарыағаш аудандық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Өзім бала кезімнен футбол ойнағанды ұнатамын. Тағдыр сынына ұшырап қателікке ұрындым. Өзімнің тағдырымды құртып, ата-анамды жерге қаратқаныма қатты өкінемін. Алдағы уақытта өмірден өз орнымды тауып, аяқталмай қалған оқуымды жалғастырып, ата-анама көмектесем. Абай атамыздың; «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», деген өлең жолдары әрдайым есіме түседі. Менде еліме, жеріме өз пайдамды келтіремін деген сенімдемін, — деді сотталған Елдос.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...