12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлыбритания Елшілігі Алматы облысы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс білдірді

Ұлыбританияның Нұр-сұлтан қаласындағы Елшілігі Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінің қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Департамент баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Ұлыбритания елшілігінен Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №12 мекемесінің қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.

Хатта ынтымақтастық және Ұлыбритания азаматы, сотталған Мохамед Баракатқа көмек көрсеткені үшін, елшілік консулдық бөлімнің атынан мекеме бастығы Ермек Күздеубай мен қызметкерлер Ернар Оразбаев пен Нұржан Мақұлжановқа алғыс білдіретіндіктері жайлы айтылған.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде республикамыздың демократиялық қағидаттарға және барлық халықаралық уағдаластықтардың мүлтіксіз сақталуына бейілділігін бірнеше рет декларациялады. Бұл постулат Қазақстанның біздің елде жазасын өтеп жатқан шет мемлекеттердің сотталған азаматтарының құқықтарын қамтамасыз етудегі ынтымақтастығына да қатысты.
Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі қызметкерлерінің жазасын өтеп жатқан шетелдік азаматтарға қатысты басым міндеттерінің бірі, сөзсіз, біздің отандастарымызбен қатар олардың барлық заңды құқықтарын мүлтіксіз сақтау болып табылады. Сонымен қатар, кейбір сотталғандардың осы ерекше тобының менталитетінің ерекшелігін түсіну қажет. Хатқа сүйене отырып, №12 мекеменің қызметкерлері осы күрделі міндетті ойдағыдай орындауда», — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

«Мен Мохамед Баракатқа қатысты ерекше бір нәрсе жасадық деп ойламаймын-бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Бірақ сонымен бірге біздің күш-жігеріміздің байқалғаны және бағаланғаны жағымды. Алғыс әлемдегі ең дамыған демократиясы бар ел елшілігінен келді. Әрине, шетелдік контингентпен жұмыс істеу кезінде икемділік қажет. Осылайша, осы сотталушымен жұмыс барысында тілдік кедергілер ескерілді-ағылшын тілді тілдік топты құру, оның мекеме қоғамына тез бейімделуі үшін барлық жағдайлар жасалды», — деп толықтырды мекеме бастығы Ермек Күздеубай.

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...

В День Республики — инициатива, единство и гордость

В честь Дня Республики Казахстан осуждённые учреждения №14 ДУИС...

Кішкентай қыздың құрметі – үлкен өнеге

Қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтау – полиция қызметкерлерінің ең...