Елімізде төлқұжат үшін түрлі баж салығы енгізілуі мүмкін

Қазақстанда төлқұжат беру үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, — деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.

Министр Мәжіліс отырысында құжаттағы парақтың (беттің) санына байланысты Қазақстан азаматының паспортын беру үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемелері ұсынылатынын айтты.

«Беттерге байланысты, егер біреу 36 бетті қаласа, ол бір соманы төлейді, егер 24 бет болса — басқа соманы төлейді», — деп түсіндірді Қуантыров Мәжілісте журналистерге.

Сонымен қатар, оның айтуынша, балаларға төлқұжат беру үшін мемлекеттік баж салығын екі есеге төмендету қарастырылған.

Нормалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексті (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заң жобаларына енгізілді.

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда өзгерістерді қолдады.

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...

На повестке дня – развитие туризма

НА ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ПО ТУРИЗМУ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ С УЧАСТИЕМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ...

Как мошенникам удается обмануть образованных людей?

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК РАЗДАЕТСЯ В СЕРЕДИНЕ РАБОЧЕГО ДНЯ. ВЕЖЛИВЫЙ ГОЛОС...

Наследство: что необходимо знать?

Утрата близкого человека помимо эмоциональных переживаний влечет за собой...