11 C
Алматы
Четверг, 29 сентября, 2022
spot_img
spot_img

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан негізсіз артық төлем алу фактілерін анықтады.

Жылыту және ыстық сумен жабдықтау мақсаттары үшін тұтынушыларға жылу энергиясын беруді энергиямен жабдықтаушы ұйым жылумен жабдықтауға арналған жария шартқа сәйкес жүзеге асырады. Өз кезегінде тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен коммерциялық есепке алу құралдары бойынша есептеседі.

Атбасар қаласы бойынша тұрғын үйлерде 122 жылу және 8 133 су есептеу құралдары орнатылған.

Сонымен қатар, прокурорлар мониторинг барысында ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атбасар қаласындағы №1-ықшамауданының 1-кварталында орналасқан №2 үйдегі (45 пәтер) жылу энергиясын есептеу құралдарының істен шыққандығы анықталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында тұтынушыда коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде көрсетілген қызметтер көлемі есеп айырысу жолымен айқындалады деп белгіленген.

Бұл ретте, наурыз айынан мамыр айына дейін «Атбасар Су» ШЖҚ МКК жылу есептегішінің ақаулығына байланысты, бірақ ол болған жағдайда, көрсетілген үйдің тұрғындарына әр ай үшін есеп айырысу жолымен жылу үшін шоттарды заңсыз шығарған, нәтижесінде көлемі бірдей тұрғын үйдің тұтынушылары 5 есе қымбат төлеуге мәжбүр болды.

Аталмыш факт бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні қайта есептеу жүргізіліп, 45 пәтер тұрғындарының артық төлеген қаражаты алдағы жылыту маусымына есепке алынатын болады.

Атбасар ауданының прокуратурасы

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости