12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 2 бірдей ер адамды алдаған әйел ұсталды

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсірді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, ол 2022 жылы қаңтар айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанында бейтаныс әйелмен танысады. Содан әңгіме барысында танысқан әйел жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендіреді. Осыдан соң ер азамат бейтаныс әйелге 160 000 теңге береді. Алайда 2 ай ішінде бітеді деген жалған уәде 8 айға созылады. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар бұрын сотты болған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленуші азаматтың сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтқан. Содан соң ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген. Сондай-ақ ұсталған әйелдің бұған дейін де 1 азаматтан дәл осындай алаяқтықпен жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтып ақша алғаны анықталды. Жалпы шығын көлемі 300 мың теңге.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар. Оңай жолмен заңсыз қызмет ұсынамын деген адамның, алаяқ екені белгілі. Сондықтан, сақ болыңыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Совершенствование культурной инфраструктуры

В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ В ПРОШЛОМ ГОДУ КАПИТАЛЬНО ОТРЕМОНТИРОВАНЫ ДЕСЯТЬ...

Поддержка и социальные мероприятия

В ЦЕЛЯХ РАЗВИТИЯ ВОЛОНТЕРСКОГО ДВИЖЕНИЯ, ФОРМИРОВАНИЯ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ И...

Экологический диалог

ВОПРОСЫ ЭКОЛОГИИ ДЛЯ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЯВЛЯЮТСЯ ОСОБЕННО ЗНАЧИМЫМИ, УЧИТЫВАЯ...

Международная зимняя школа

В АЛМАТЫ НАЧАЛА РАБОТУ XIII МЕЖДУНАРОДНАЯ ЗИМНЯЯ ШКОЛА ПО...

Қазақ мемлекеті үшін тарихи белес

15 наурызда елімізде маңызды оқиға – жаңа Конституция жобасына...