12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда қандай олимпиада мен жарыстардың жеңімпаздары білім гранттарын алады?

ҚР оқу-ағарту министрлігі жеңімпаздары жоғары оқу орнының грантын алатын халықаралық олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен өнер байқауларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжаттың толық атауы – соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегi № 326 бұйрығы.

Аталған бұйрық жобасы бойынша, мына олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен конкурстардың жүлдегерлері жоғары оқу орындарында бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алады:

Олимпиадалар:

Математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad);

Физикадан халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad);

Химиядан халықаралық олимпиада (International Chemistry Olympiad);

Биологиядан халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad);

Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad);

Информатикадан халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatics);

Лингвистикадан халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad).

Халықаралық спорт жарыстары:

Олимпиада ойындары;

Паралимпиада ойындары;

Сурдлимпиада ойындары;

Жасөспірімдердің олимпиада ойындары;

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттары;

Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназияда. Халықаралық орындаушылардың конкурстары:

Петр Чайковский атындағы халықаралық жасөспірімдер байқауы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

Халықаралық жасөспірімдер вокалдық конкурсы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

Екатерина Максимова атындағы «Арабеск» ашық ресейлік балет әртістерінің байқауы (Пермь қаласы, Ресей Федерациясы);

World Dance Council, World DanceSport Federation халықаралық федерациясының жарыстары мен турнирлері, International Dance Sport Union;

Әлем кубогы мен Әлем чемпионатының кезеңдері «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі (Беларусь Республикасы);

Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалистер конкурсы (Алматы қаласы, Қазақстан). Бұйрықтың №2 қосымшасында аталған сайыстарға іріктеудің өлшемшарттары да берілген.

«Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», — деп жазылған құжатта. Демек, бұйрық 5 тамызда күшіне енеді.

Соңғы дерек бойынша, биыл елімізде 80 мыңға жуық талапкер білім грантын тағайындау конкурсына қатысып жатыр.

Ипотекадан қалай үнемдеуге болады?

Қазақстанда ипотекалық қарызы бар азаматтарға арналған салықтық шегерім механизмі жұмыс істейді. Бұл мүмкіндік жеке табыс салығының мөлшерін азайтып, қолыңызға тиетін жалақыны көбейтеді. Енді бұл жеңілдікті кез келген банктен ипотека алған азамат пайдалана алады.

2026 жылы жәрдемақы өседі: Кім қанша алады?

2026 жылы айлық есептік көрсеткіш өседі. Биыл 1 АЕК 3 932 теңге болса, келер жылы ол 4 325 теңге, яғни 393 теңгеге өседі. Осыған байланысты елімізде жәрдемақы көлемі де артады.

Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Қазақстанның 7 өңірінде ЖРВИ салдарынан 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқуға ауыстырылды.

Астанада қайтыс болған фельдшер марапатталды

Астанада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Алғабас ауылында қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі – Бозымбаев

Түркістан облысындағы жеке үйде болған өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.